Атырау, 29 қыркүйек 04:12
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Жуынатын бөлмеден екі мәйіт табылды. Тергеу жүргізілуде

1 324 просмотра

«АЖ»-ға белгілі болғандай, 25 шілде күні кешкісін Атырау тұрғыны полицияға Авангард-3 ықшамауданында тұратын 30 жастағы қызының пәтер есігін ашпай жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына жеткен полицейлер пәтерден екі адамның мәйітін тапты.

Екі мәйіт те жуынатын бөлмеде болған. Мойнына су жылыту құбырына байланған тұзақ ілінген 26 жастағы ер адам, оның қасында буындыру белгілері бар арызданушының қызы болды. Олар ерлі-зайыптылар, бірақ бұл кезде некені бұзу процесі жүріп жатқан. Олардың артында кәмелетке толмаған төрт бала қалды.

ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі ("Адам өлтіру") және 105-бабының 1-бөлігі ("Өзін-өзі өлтіруге жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Айнұр САПАРОВА

26 шілде 2022, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.