Атырау, 29 қыркүйек 04:14
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Полицейлер жоспар орындау үшін деректерді «бұрмалаған»

2 632 просмотра

Атырау қаласының прокуратурасы азаматтарды заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілерін анықтады.

Атырау қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің басшысы Ерлан КӘКИЕВТІҢ айтуынша, полиция басқармасының қызметкерлері тұлғалардың хабарынсыз әкімшілік хаттама толтырып, ескерту және айыппұл түрінде жаза қолданған.

Осылайша, азаматтарды ортақ пайдаланатын орындарды, саябақтарды ластады, оның ішінде белгіленбеген жерлерге коммуналдық қалдықтарды лақтырды, сондай-ақ үй жануарларын ұстау және серуендету ережелерін бұзды деп айыптаған. Ал «тәртіп бұзушылар» бұл туралы тіпті бейхабар болған.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлеріне қатысты ҚР ҚК-нің 416-бабының 2-бөлігімен ("Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша дәлелдемелерді бұрмалау") қылмыстық істер қозғалып, Атырау облысы ПД ішкі қауіпсіздік басқармасына тергеуге жіберілді. 

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

15 наурыз 2022, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.