Атырау, 29 қыркүйек 04:11
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Атырауда қарулы топ ұсталды

Сурет Бейнежазба
2 015 просмотра

18 ақпанда полиция департаментінің баспасөз қызметі қалада атыс қаруын заңсыз сақтау және тасымалдаумен айналысқан 9 адамнан тұратын топтың ұсталғанын хабарлады.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Атырау қаласының 23 пен 27 жас аралығындағы тұрғындары анықталды. Тінту кезінде 26 жастағы күдіктіден сериялық нөмірі жойылған тапанша, ал 25 жастағы күдіктіден травматикалық тапанша тәркіленді. Сондай-ақ, Сәтпаев даңғылындағы үйлердің біріндегі қоймадан 3 атыс қаруы мен оқтары бар 2 винтовка тәркіленді.

– Қазір атыс қаруының бірі былтыр Алматыда пәтерді тонау кезінде ұрланғаны анықталды. Тәркіленген қарулардың бәрі сараптама тағайындалды. Екі күдіктінің де бұрын қару қолданып, бұзақылық жасағаны анықталды. Басқа мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды, - деп хабарлады ПД.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 1-бөлігі («Суық қаруды алып жүру аңшылық кәсіпшілікке байланысты болған жағдайды қоспағанда, суық қаруды заңсыз алып жүру немесе өткізу, сол сияқты тиiстi рұқсаты жоқ жеке тұлғаларға, ұйымдарға қару-жарақты және оған оқ-дәрілерді сауда ұйымдары жұмыскерлерiнiң сатуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айнұр САПАРОВА

ПД ұсынған суреттер

20 ақпан 2022, 22:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.