Атырау, 16 қараша 11:15
 дождьВ Атырау +2.7
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41

Vulcan Centaur зымыраны орбитадан тыс қалды: ULA тергеу бастады

67 рет қаралды
видеодан скриншот
видеодан скриншот

АҚШ-та United Launch Alliance (ULA) компаниясының Vulcan Centaur зымыран-тасығышын ұшыру сәтсіз аяқталды. Зымыран Amazon компаниясының кең жолақты интернетке арналған 40 жерсерігін орбитаға шығаруға тиіс болған. Оқиға туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға №41 ұшыру алаңынан зымыран көтерілгеннен кейін көп ұзамай болған. ULA мәліметінше, ұшудың 10-минутында штаттан тыс жағдай туындап, соның салдарынан Amazon Leo жобасының аппараттарын Жердің төменгі орбитасына шығару мүмкін болмаған.

«Ұшыру жөніндегі директорымыз алған деректерге сүйене отырып, Vulcan зымыран-тасығышында ұшырылымнан кейін 10 минут өткенде аномалия болғанын және оның Amazon миссиясын орбитаға шығара алмағанын растаймыз. Әрбір ұшу деректер жинауға мүмкіндік береді және біз әрбір ұшырылымнан сабақ аламыз. Аномалия жаңа ғана болғандықтан, бүгін нақты не болғанын анықтауға қажетті деректер әзірге жоқ», — делінген компанияның X әлеуметтік желісіндегі ресми мәлімдемесінде.

United Launch Alliance миссияның сәтсіз аяқталғанын мойындап, бұл жолы компания «өзінің табысқа жету стандарттарына сай болмағанын» атап өтті.

Қазір ULA мамандары Amazon өкілдерімен және тиісті ведомстволармен бірлесіп, апаттың себептерін тексеруге кіріспек. Компания ақауларды жедел жою және зымыран ұшыруды мүмкіндігінше тезірек қайта бастау үшін тергеу жұмыстарының толық ашықтығын қамтамасыз етуге уәде берді.

Бүгін, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.