Атырау, 16 қараша 11:15
 дождьВ Атырау +2.7
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41

​Құрманғазы Есқазиев ҚМГ басқарма төрағасының бірінші орынбасары лауазымын босатты

63 рет қаралды

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев атқаратын лауазымынан босатылды. (PetroCouncil Қазақстанның мұнай-газ кеңесі хабарлағандай, ол денсаулық жағдайына байланысты 9 қарашадан бастап қызметінен кеткен.

Құрманғазы Есқазиев ұлттық компания басшысының бірінші орынбасары лауазымын 2024 жылдың мамыр айынан бері атқарып келген еді.

Құрманғазы Есқазиев — геология-минералогия ғылымдарының докторы және ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еліміздің жетекші мұнайшы-геологтарының бірі. Ол отандық мұнай-газ саласын дамытуға 40 жылдан астам уақытын арнады.

Ол өзінің еңбек жолын мұнай өндіру операторы лауазымынан бастап, кәсіби өсудің барлық сатысынан өтті:

  • «Ембімұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ және «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС басқарды;

  • «ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасының орынбасары және бірінші орынбасары лауазымдарын атқарды.

Бүгін, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.