Атырау, 29 қараша 06:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Атырауда есірткі дайындайтын зертхана анықталды

Бейнежазба
1 396 просмотра

Атырауда деструктивті діни ағымды ұстанушылар үй жертөлесінде есірткі дайындаған.

ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті мен Атырау облысының прокуратурасы, Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен “Арлан” арнайы жасағы бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру нәтижесінде құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді өсірген үш күдіктіні анықтап, ұсталды.

Олар қала аумағындағы жеке жертөлелердің бірін есірткі өсіріп, тұтынуға дайындайтын зертханаға айналдырған. Жертөледе өсімдікті баптауға арнайы жарық, жылу, ауа алмастыру және т.б. құрылғылар орнатылған.

- Іс-шара кезінде шағын жылыжайдан 17 дана қарасора бұтасы тәркіленді. Күдіктілердің  тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеріп, тінту кезінде суық қару мен марихуана есірткісін пайдалануға арналған құралдардан бөлек, ел аумағында тыйым салынған діни әдебиеттер тәркіленді. Күдіктілердің деструктивті діни ағымның ұстанушылары екендігі де белгілі болды, - деп хабарлады ПД.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігімен және ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазіргі уақытта 34 жастағы екі және 37 жастағы күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

6 қазан 2022, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.