Атырау, 16 сәуір 22:09
 бұлттыВ Атырау +15
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Оқиғалар тізбегі

1 663 просмотра

10 мамырда сағат 04:10 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының 102 арнасына белгісіз адам Бейбарыс даңғылында жасөспірім балалардың  төбелесіп жатқаны жөнінде хабарлама қалдырған. Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция қызметкерлері хабарламаның жалған екенін анықтады. 

17 жастағы 4 жасөспірімнің жалған ақпарат бергені анықталды. Олар полицияға қоңырау шалған сәтті өздерінің ұялы телефондарына түсіріп алған. Заң бұзушылардың ата-анасы ҚР ӘҚБтК-тің 442-бабының 2-бөлімі («Кәмелетке толмаған жасөспірім балалардың түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын-жайдан тыс жерде болуы») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға ескерту берілді. Ал жалған хабарлама берген жасөспірімнің анасына ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы («Арнайы қызметтерді көрiнеу жалған шақыру») бойынша 15 315 теңге айыппұл салынды.

* * *

9 маусым күні сағат 22:00 шамасында Атырау ҚПБ ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері қала тұрғынының Әуезов көшесінде орналасқан пәтерлердің бірінде  жасөспірім балалардың қараусыз қалғаны жөніндегі шағымы бойынша тексеру жүргізді.

(5, 8 және 16 жастағы) үш баланың 41 жастағы анасының балаларын әлсін-әлі қараусыз қалдыратыны анықталды. Полиция келген кезде де олар үйде өздері қалған. Отбасы жайсыз отбасы есебіне алынған. Балалар облыстық ауруханасынан тексерістен өткізіліп, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Олардың ата-анасына  қатысты ҚР ӘКБтК-нің 127-бабына («Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау») сәйкес, іс-құжаттар жинақталуда. Бұдан бөлек, жинақталған іс-құжаттар кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына жолданады.

* * *

Атырауда түлектердің мектеп бітіру кеші 11-25 маусым күндері аралығында өткізілуде. Осыған орай полицейлер күшейтілген бағытта жұмыс атқаруда. Тәртіп сақшылары арнайы кортеждерді ұйымдастыру кезінде көлік жүргізушілері жол ережесін өрескел бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Одан басқа, полицейлер мектеп бітіру кеші күні жасөспірім балалардың ата-анасының немесе туыстарының көліктерін жүргізіп кету фактілері көбейетінін айтады.

* * *

11 маусымда сағат 04:20-да полиция қызметкерлері Тайманов даңғылы бойында Volkswagen автокөлігін тоқтатып тексереді. Жүргізуші мас болып шықты.

Автокөлік айып тұрағына қойылып, 22 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі («Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік  масаң күйде басқаруы») бойынша хаттама жасақталды. Кейінірек мамандандырылған сот шешімінен кейін ол 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

* * *

Атырауда полицияға қылмыс ашуға көмектескен 30 жастағы қала тұрғыны марапатталды

6 маусымда түн ортасы шамасында Сәтпаев даңғылы бойында аяусыз төбелес орын алды. Сол маңда болған Нұрсұлтан Ережепов дереу полиция шақыртып, содан соң учаскелік полиция инспекторлары Бауыржан Калуов пен Әлібек Миралиев қылмыскерді (төбелес кісі өлімімен аяқталды) ізін суытпай ұстауға көмектесті. Атырау ҚПБ-да екі полицей қызметкері мен Н.Ережеповке алғыс хат табыс етілді.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

17 маусым 2022, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.