
Атырауда жыл басынан бері түнде көшеде жүрген 1200-ге жуық жасөспірім анықталды.
Бұл туралы Атырау ҚПБ басшысының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Әнуар КОКАЛОВ мәлімдеді. Оның айтуынша, олардың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
* * * * *
Атырауда жыл басынан бері қоғамдық орында мас күйде жүрген 700-ден астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мәселен, 9 шілдеде №26 полиция пунктінің учаскелік инспекторлары аумақты шолу кезінде адамның ар-намысын қорлайтын сөздер айтып, алкогольдік масаң күйде болған, яғни, мастықтан тілі күрмелген 35 және 50 жастағы екі азаматты анықтады. Екеуіне де ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы ("Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу немесе мас күйде келу") бойынша әрқайсысына 15 315 теңге көлемінде айыппұл салынды.
* * * * *
Жыл басынан бері Атырауда ксенон шамдарын пайдаланғаны үшін 500-ге жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Заңды бұза отырып орнатылған ксенонды лэд шамдар қарсы келе жатқан жүргізушілердің жолды көруіне кедергі жасайды және жолдағы жағдайды нашарлатады. Мәселен, 8 шілдеге қараған түні Бірлік ауылының маңында патрульдік полиция қызметкерлері лэд шамдары бар Toyota Camry көлігін тоқтатқан. 20 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі ("Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтін көлік құралдарын басқару") бойынша хаттама толтырылып, 15 315 теңге айыппұл салынды.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ПД жолдаған суреттер мен бейнежазба
В Атырау +4