Атырау, 5 желтоқсан 09:14
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қамыс арасында адасып, көмек күтіп отыр

Толықтырылды
1 819 рет қаралды

29 тамызға қараған түні полицияға 102 нөміріне ер адам хабарласып, Дамбы ауылдық округіне қарасты Пешной ауылының Каспий теңізінің жағалау аймағында қамыс арасында адасып кеткенін айтқан.

ТЖД мен полиция іздеуге шықты. Әзірге нәтиже жоқ, ал ер адамның телефоны өшірулі.

Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Пешнойда адамның жоғалу дерегі бойынша ақпарат тексерілді. Бұл туралы хабарлаған адам ҚПБ-на жеткізіледі. Алдын ала мәлімет бойынша, ол мас күйде полицияға хабарласқан, енді ол әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін. 

Айнұр САПАРОВА

29 тамыз 2022, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.