Атырау, 23 желтоқсан 18:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қоғам

Егіз-лебіз Қоғам

Егіз-лебіз

Екі бірдей жас жігіт бір жыл бойы кездесіп жүрген екі бірдей бойжеткенге өмірлік жары болуларына ұсыныс жасады. Екі бойжеткен де еш ойланбастан «Иә!» деген жауап қатты. Жұма күні өткен көңілді тойда қонақтарға қос көрінген жоқ – 8 тамызда Атырауда егіздер үйленді: апалы-сіңлілі Анастасия мен Ксения УЛЬЯНОВАЛАР ағалы-інілі Юрий мен Александр (сәйкесінше) ГОРЯЧКИНДЕРГЕ тұрмысқа шықты. 14 тамыз 2014, 00:00 7 878 рет қаралды
Соғыс жаңқалары Қоғам

Соғыс жаңқалары

Ресми деректер бойынша, Ұлы Отан соғысы жылдары 2 500 000-ге жуық мүгедек жарамсыз деп елге қайтарылған. Олардың 450 мыңы – аяқ-қолсыз қалған мүсәпір жандар. Бұлардың көпшілігі отбасына масыл болмайын деп үйге оралмады. Сан мыңдаған қаңғыбас мүгедектер елдің әр түкпірінде қол жайып, күндерін көрді. 8 мамыр 2014, 00:00 3 891 рет қаралды
Сочидегі тұсаукесер Қоғам

Сочидегі тұсаукесер

Олимпиадалық киімнің үздік дизайны байқауында жеңіп шыққан форма 2014 жылдың Олимпиадасына ілікті: оның авторы, атыраулық дизайнер Айжан БОҚАЕВА (суретте) республикалық спорт комитетінің шақыруы бойынша өзі шығарып, өзі әзірлеген спорт жиынтығымен Сочиге барды. 13 наурыз 2014, 00:00 3 358 рет қаралды
Жазылмасын жұбыңыз! Қоғам

Жазылмасын жұбыңыз!

14 ақпанда облыстық телекоммуникация дирекциясы (ОТД) ғашықтарға арналған «келісім орындығын» таныстырды. Осындай ерекше, бірақ ыңғайсыздау жасалған құрылғылар – ортасы төмен түскен орындықтар бірқатар әлем қалаларында орнатылған және көрнекі жерлердің бірі болып табылады. 20 ақпан 2014, 17:52 2 937 рет қаралды
Ойыншыққа айналған табыт Қоғам

Ойыншыққа айналған табыт

Жаңа жыл қарсаңында Атырау дүкендерінде кей кездері нағыз кептелістер орын алады: әр адам мейрамға туыстарына не сыйласам екен, балаларды қалай таң қалдыра аламын деп ойланып, сыйлық іздестіріп, сеңдей соғылысып жүреді. Сіз ойланып жүргенде балалар дүкенінің сөрелерінде қуыршақтарға арналған ойыншық табыттар пайда болды. Бағасы шынайы түрінен кем түспейді. 26 желтоқсан 2013, 00:00 8 593 рет қаралды
О, алақай, Аяз атай! Қоғам

О, алақай, Аяз атай!

«Ақ Жайықтың» дәстүрлі жаңажылдық акциясы Сағат 12-ні соғып, Жаңа 2014 жыл басталғанда, бұл балалар қалың ұйқы құшағында жатады. Бұл мекемелердің режимдері мүлтіксіз орындалады. Өкінішке орай, бұл мейрамды олар өз туыстарының арасында қарсы алмайды. Олардан ешкім де білдірмей ең құпия тілектерін сұрамайды. Сондықтан Аяз Атаның елшілері ретінде қалам мен қойындәптерімді алып, С. Қазыбаев атындағы №1 интернаттағы ата-аналарының қамқорлығынан айырылған және жетім балаларға, сонымен қатар есту қабілеттері бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатына (2 жетім сәби) жол тарттым. 6 желтоқсан 2013, 22:19 11 668 рет қаралды
Көлеңкелі кәсіпорын Қоғам

Көлеңкелі кәсіпорын

Мұнай компанияларының әлеуметтік міндеттемелері аясында салынып жатқан нысандарды таңдау, жүзеге асыру және қолданысқа енгізу бойынша рәсімдердің көлеңкелігі туралы талай айтылды. Бұл жолы осы мәселе Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында біздің «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» (ҚТҰ) ҮЕҰ мен оралдық «Заман» өндірушілер қауымдастығы» ҮЕҰ-ның Ұлыбритания елшілігі мен Сорос-Қазақстан Қоры қолдауымен жүргізген зерттеулерінің тақырыбына айналды. 14 қараша 2013, 00:00 3 967 рет қаралды
Ауладағы құс фермасы Қоғам

Ауладағы құс фермасы

Жеке кәсіпкер Райхан БАЙТУРИЕВА (суретте) құс өсірумен жеті жылдан бері айналысып келеді. Ол қаладағы үйлерінің аядай ғана ауласында тауық, әтеш, қаз, үйрек, күркетауық ұстайды. Енді кәсібін кеңейту үшін Сарыөзек ауылынан құс фермасын ашуды көздеп отыр. 24 қазан 2013, 00:00 8 710 рет қаралды
Асық ату, ләңгі тебу - шынығудың  бір түрі Қоғам

Асық ату, ләңгі тебу - шынығудың бір түрі

Мақат кентінде аудандық білім беру бөлімі жеке кәсіпкер Ержан СЕРІКБАЕВТЫҢ демеушілігімен ұйымдастырған Байбақты батырдың 190 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында ұлттық ойындардан жарыс өткізілді. Жарыс көрігін қыздыруға 7 мен 15 жас аралығындағы 30-ға жуық ер бала қатысты.  17 қазан 2013, 00:00 18 990 рет қаралды
Сары ата. Темір мен сүйменнен де мықты жан Қоғам

Сары ата. Темір мен сүйменнен де мықты жан

Келер жылы Балықшы поселкесінде Сары молда атындағы мешіт салыну жоспарлануда. Қазіргі кезде мешіт құрылысының эскиздік жобасы мен эксперттік қорытындысы дайын. Мешіт 2 қатарлы, 350 орынға арналған. 10 қазан 2013, 00:00 18 340 рет қаралды
Корей халқы Чусокты қалай тойлады Қоғам

Корей халқы Чусокты қалай тойлады

Жақында Атыраудағы корей диаспорасы өздерінің ұлттық мерекесі Чусокты тойлады. Бұл - ежелден келе жатқан отбасылық мереке. Онда адамдар жақсы егін орағы үшін ата-бабаларына тағзым етеді. Чусок – кәрістер үшін шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жылды тойлаудан кейінгі маңыздылығы жағынан екінші мейрам. Бір айта кетер жайт, «Тхоньил» атыраулық корейлердің этно-мәдени орталығы бұл күнді бірінші рет осылай дүбірлетіп тойлап отыр. 3 қазан 2013, 00:00 10 126 рет қаралды
«Сәби күтіміне жеңіл қарамайық» Қоғам

«Сәби күтіміне жеңіл қарамайық»

Соңғы кездері медициналық қызмет көрсету жүйесі тұрақты өзгерістерге ұшырауда. Мұның бәрі бірдей пациенттерге қолайлы бола бермейді. Стационарға тек портал бойынша, ал емханадағы белгілі бір маманға алдын ала жазылу бойынша ғана қабылданады. Бұрын үнемі дәрігерлерге жүгінетін жағдайлар туындай қалса, бүгінде медиктер шыдамдылық танытып, күтуге кеңес береді. Әсіресе, әйелдерге қатысты жаңа тәсілдер көп: оларды гинекологиялық креслодан шарға отырғызды, олардың нашар болса да, зарарсыздандырылған іш көйлектерін тартып алды, емшектегі баланың кіндігіне күтім жасауға және оларға су беруге тыйым салды. Жаппай зарарсыздандыруға үйренген және үнемі медициналық көмек алатын кеңестік принциппен өскен біздің әйелдер психологиялық тұрғыда медицинаның батыстық стандарттарының енгізілуіне дайын болмай шықты. Тіпті бесінші баласын дүниеге әкелген ана үйреншікті әдетімен учаскелік педиатр үйге келіп қалар деп күтуін қоймайды. Онсыз қалай болмақ? Енді учаскелік дәрігер айына тек бір рет қана келумен шектелуі мүмкін... Осы мәселелер туралы біз облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дина КАМЕЛОВАМЕН (суретте) сұхбаттасқан едік. 26 қыркүйек 2013, 00:00 10 289 рет қаралды
Лейтенант Смысловтың естелігі Қоғам

Лейтенант Смысловтың естелігі

1943 жылдың сәуір айы. Сол көктемде 18 жасар Александр СМЫСЛОВ вокзал перронында әжесімен қоштасып тұрды. Станциялық радиодан жүрек жыртар ән жүріп жатыр: «Қош, сүйікті қалам...». «Жарайды, әже...», - деп жас жігіт көз жасы көл болған қарт ананың құшағынын сытылып шығып, қозғалып бара жатқан пойызға секіріп мінді. Бұл күні вокзалдан үш құрам жолға шықты, жолаушылардың барлығы Гурьев жаяу әскер училищесінің түлектері болатын. Бұл олардың соғысқа аттанып бара жатқан сәті еді. 2 мамыр 2013, 00:00 3 542 рет қаралды
Жерге кірген жер үй Қоғам

Жерге кірген жер үй

- Сәлеметсіздер ме, бұл «АЖ» тілшісі ме? Мен доссордан Ғайса СЫДЫҚОВ деген боламын. Отбасымыздағы 16 жанның құлауға шақ тұрған 3 бөлмелі ескі үйде қысылып, қымтырылып тұрып жатқанымызға бірнеше жылболды. Бізге көмектесіңіздерші! -дейді телефонның арғы жағында тұрған ол жанұшырып. 4 сәуір 2013, 00:00 10 157 рет қаралды
Тағдыры тарих қос ғұмыр Қоғам

Тағдыры тарих қос ғұмыр

Біз 8 наурыз - әйелдер мерекесі қарсаңында асыл әжелердің үйлерінде қонақта болып қайттық. Мінезі жарқын, өзі қайсар әрі болмысынан өте қарапайым әжелеріміздің тағдыры қилы болды. Бірақ, олар соған қарамастан еңселерін түсірмеді. Ол туралы ойламады да. 7 наурыз 2013, 00:00 3 191 рет қаралды
Біз сіздермен біргеміз! Қоғам

Біз сіздермен біргеміз!

- Жаңа ғимараттарың ұнай ма? – деп сұрадым мен есту қабілеті бұзылған балалар интернатының бір топ шәкірттерінен. Балалар бас бармақтарын көрсетіп, «керемет» деп жауап берді. Маслопромдағы бұрынғы балабақша ғимаратынан кейін жаңа үш қатарлы интернат олар үшін хан сарайындай. 7 наурыз 2013, 00:00 5 593 рет қаралды
Тығырыққа тірелгендер Қоғам

Тығырыққа тірелгендер

Қазір ер жеткен, жастайынан ата-ана қамқорлығынан айырылған жетімдер мен балаларды пәтер мәселесі біздің редакциямызға жиі хабарласуға мәжбүрлеп отыр. Олар қызметтік міндеттері бойынша бұл мәселелерді шешуі тиіс мекемелердің табалдырығын тоздыра-тоздыра шаршаған. 7 ақпан 2013, 00:00 3 159 рет қаралды
Латынға көшу -заман талабы Қоғам

Латынға көшу -заман талабы

Қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшіру мәселесіне байланысты «АЖ» электронды пошта арқылы біздің жерлесіміз, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері Алмас ҮДЕРБАЕВҚА (суретте) бірнеше сауал қойған еді. 24 қаңтар 2013, 00:00 31 579 рет қаралды
2012 жылдың қыркүйегі: еске түсірсек... Қоғам

2012 жылдың қыркүйегі: еске түсірсек...

Молдағұлова көшесіндегі жеке үйде өзін-өзі жару фактісі бойынша жүргізілген тергеу жұмыстары, Құлсарыдағы арнайы операция, Атырау қалалық ІІБ полицейлеріне жасалған шабуыл және «Көктем» ықшамауданындағы арнайы операциялар туралы «Ақ Жайық» газетіне Атырау облыстық ҰҚКД тергеу-жедел тобының жетекшісі Амангелді ӘБІЛҒАЛИЕВ әңгімелеп берді. 28 қараша 2012, 17:06 3 462 рет қаралды
Азғыр жарылыстан көз ашпады Қоғам

Азғыр жарылыстан көз ашпады

- Басталды, басталды! - Не басталды? - Күнде осы! Бізден 40 шақырым жердегі Ресейдің Ашулук полигонында снарядтарды жарып жатыр, - дейді Асан селолық округінің әкімі Нұржан ӘУБЕКЕРОВ қабырғадағы қисайып кеткен президент портретін түзеп тұрып. Менің әкімдіктен тезірек шығып кеткім келді... 21 қараша 2012, 18:23 6 153 рет қаралды
Адыра қалған атажұрт Қоғам

Адыра қалған атажұрт

Азғыр өңірінде қазір халық тұрып жатқанымен, бұрынғы ядролық полигонға жақын орналасқан барлық елді-мекендер әлеуетті-қауіпті аймақта тұр. Мамандардың бағалауынша, қауіпті ошақтарды жою жұмыстары жүргізілген көптеген технологиялық алаңдарда радиация қайтадан білінген. Елді-мекенге жақын алаңдардың бірінде топырақ түсе бастап, ойықтар мен үңгірлер пайда болған. Демек, радиация әрі қарай да таралады деген сөз. 14 қараша 2012, 16:28 7 309 рет қаралды