Атырау, 23 қараша 14:18
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Көлеңкелі кәсіпорын

3 799 просмотра

Мұнай компанияларының әлеуметтік міндеттемелері аясында салынып жатқан нысандарды таңдау, жүзеге асыру және қолданысқа енгізу бойынша рәсімдердің көлеңкелігі туралы талай айтылды. Бұл жолы осы мәселе Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында біздің «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» (ҚТҰ) ҮЕҰ мен оралдық «Заман» өндірушілер қауымдастығы» ҮЕҰ-ның Ұлыбритания елшілігі мен Сорос-Қазақстан Қоры қолдауымен жүргізген зерттеулерінің тақырыбына айналды.

Қараша айының басында Атырауда ҮЕҰ өкілдері, мұнай компаниялары қызметкерлері (тек ТШО менеджері ғана келді), облыстық әкімдіктің, Ұлыбритания елшілігінің шенеуніктері қатысқан «дөңгелек үстел» өткізілді. Онда зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша есеп талқыланды.

ҚТҰ директоры Ұлықбек ТІНӘЛИЕВТЫҢдеректері бойынша, 20 жыл ішінде ТШО, НКОК, ҚМГ және басқа да ірі мұнай комапаниялары Батыс өңіріндегі төрт облыстың әлеуметтік секторлары нысандарын салуға $300 млн-аса қаржы бөлген. Алайда бұл үрдіс басталғаннан бүгінгі күнге дейін халықтың мұқтаждықтарын анықтау үдерісі атүсті өткізіліп келеді. Әлеуметтік нысандарды салу мәселелері жұртшылық пен ҮЕҰ-лардың қатысуынсыз-ақ шешілді.

Мәселен, сауалнама жүргізілген халықтың көп бөлігі жобалар мұқият таңдалып, тиімді жүзеге асырылып, халыққа қол жетімді болса деген ниет білдірді. Адамдар, әсіресе ауыл тұрғындары, өндіруші компаниялардың әлеуметтік инвестициялық жобалары (ӘИЖ) туралы көп хабардар бола бермейді. Мысалы, біздің облысымызда бұлар туралы тек Атырау, Жылыой және Мақат аудандарының халқы ғана біледі. Кей жағдайларда салынған нысандар жергілікті билік орындаған жобалар ретінде аталып кетіп жатады.

Сонымен қатар сауалнама жүргізілген халықтың жартысына жуығы егер мүмкіндік берілсе, өндіруші компаниялардың жобаларын жоспарлауға қатысуға дайын екендіктерін білдірді. Сондай-ақ, әлеуметтік инвестициялық жобалардың орындалуына қоғамдық бақылау жасауға қатысқысы келетін адамдардың да пайызы жоғары. Олардың пікірінше, бұл қадағалау орындалған нысандардың сапасын арттыруға септігін тигізер еді.

Ал ҮЕҰ-ға келсек, Атырауда қолданыстағы ӘИЖ-ді жүзеге асыру жүйесінің тиімділігіне әр оныншы ұйым күмәнданса, әр төртіншісі оларды жемқорлықпен айналысады дейді.

Осындайда ір мұнай компаниясы қызметкерінің қаржы полициясынан шалынған телефон туралы әңгімесі еске түседі. Ол жақтан бұлардың мердігерлері орындаған жол учаскесін салу жұмыстарының өзіндік құны осы ауданда осындай учаскені салған әкімдік жұмыстарынан неге бірнеше есе арзан екенін сұраған. Осылайша, қаржы полициясы жұмыстардың шынайы өзіндік құнын білгісі келген. Ал компания қызметкері мемлекеттік тендерлер аясында жұмыстардың өзіндік құнының қымбат көрсетілетінін айтқан.

Айта кетсек, сол зерттеулер деректері бойынша, мұнай компанияларының қызметкерлері жоспарлау кезеңіне жұртшылықтың қатысуына қарсы емес екен. Бұл туралы олар ҮЕҰ мен БАҚ өкілдерімен болған кездесулерде талай рет ашық айтқан. Ал ресми емес әңгімелерінде олар ӘИЖ бойынша нысандарды компания мен оның қызметкерлерінің пікірін есепке алмай-ақ, әкімдіктер өздері таңдайтыны туралы айтты. Алайда, зерттеу нәтижелеріне сәйкес, компанияның барлық қызметкерлері бірдей қоғамдық бақылау кезеңінде жұртшылықтың қатысуына мүдделі емес екен.

Сонымен қатар, ҮЕҰ-лар ӘИЖ-дің көпжылдық мәселелерін шешу үшін құрамына ҮЕҰ, бизнес, жергілікті өкілетті және атқарушы органдар өкілдерін, журналистер мен басқа да мүдделі тұлғалар кіретін әлеуметтік инвестиция мен даму бойынша көптарапты кеңес құру керек деп бірнеше рет ұсыныс жасаған.

Алайда, облыстық әкімдіктен келген жастар саясаты жөніндегі басқарманың бастығы Мейірім ҚАЛАУИДЫҢ айтуынша, әлеуметтік инвестициялар бойынша осындай кеңес әкімдік жанында 2003 жылдан бері жұмыс жасап келе жатыр екен және құрамына ҮЕҰ өкілдері де кіреді. Оның пікірінше, қазір жүзеге асырылып отырған жобалардың барлығы халық үшін жасалған.

Мәселен, жақында NCPOC салған Алмагүл ықшамауданындағы 320 орындық балабақша, Доссорда салынып жатқан 100 орындық балалар шипажайы, Кіші өнер академиясының оқушыларына арналған 75 орындық жатақхана және құрылысы ұзаққа созылған 180 орындық жұқпалы аурулар ауруханасы.

ТШО ЖШС турасына келсек, Қалауи ӘИЖ жобаларын жүзеге асырудың бұрынғы тәсілдерін өзгертуді талап етіп отырған қазіргі облыс басшылығының ұстанымын атап өтті. Енді жоба әзірлемесін әкімдік жасайды, ал құрылысты компания жүргізеді. Бұрынғы тәсілдер бойынша, биліктің пікірінше, құжаттамаларды әзірлеу ұзаққа созылып, құрылыс кейін шегеріле берген, ал әлеуметтік нысандарды қамсыздандыруға бөлінген қаржыландырулар қайтарымсыз күйіп кетіп отырған. Тағы бір талап: компания таңдаған жобалардың жобалары мен құрылысы өте қымбатқа шығады, ал осы қаржыға әлеуметтік бағыттағы шағын кешенді бірнеше нысандар салуға болады.

Естеріңізге салсақ, қазір ТШО 624 орындық техникалық гимназияның жаңа ғимаратын салып жатыр және Қалауидың айтуынша, Атырауда Салтанат сарайы мен саябақ аумағын салуды жоспарлауда.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

14 қараша 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.