Атырау, 23 қараша 12:38
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ғашықтар хикаясы

2 901 просмотра

«Қазақтелеком» АҚ облыстық телекоммуникация директорлығы «Ғашықтар хикаясы» акциясының қорытындысын шығарды. Әділ қазылар 108 хикаяның ең сезімтал деген 10-ын таңдап алды.

Естеріңізге салсақ, Ғашықтар күніне және «Қазақтелекомның» жергілікті филиалының 20 жылдығына орай ең есте қаларлық танысу оқиғасы мен махаббат хикаяларына байқау жарияланған болатын Жазылмасын жұбыңыз»). Компания абоненттері белсенділік танытты, ересек жұптардан көп хат келді. Адамдар үшін өмірлерінің ең бір сезімтал кездерін еске алу қуаныш әкелді. Салтанат СӘРСЕНБАЕВАҒА бақыт құсы өзі сатушы болып жұмыс жасайтын дүкендегі кездейсоқ танысу арқылы келген екен. «Бүгінде жолдасым екеуміздің алты баламыз бар. Күйеуімді үлгілі отағасы деп айта аламын. Мен өте бақытты әйелмін», - деп жазады Салтанат.

Ләззат ӨТЕПОВА бірде өзінің жас отбасына байланыс-шылардың қызметі үшін 40 мың теңге төлеуге тура келгені туралы баяндайды: «Үйленгенімізге көп болмаған еді, мен еңбек демалысына шығып, туған қалам Ақтөбеге кеттім, жолдасым Атырауда қалды. Бір-бірімізден алыс жүріп, қатты сағындық, телефонмен сағаттар бойы сөйлесетінбіз. Нәтижесінде 40 мың теңгеге әңгіме айтыппыз! Бұдан он жыл бұрын жас отбасыға бұл үлкен ақша болатын. Байланыс ақысын бірнеше ай бойы төледік».

Александр ФЕДОРЕНКО (суретте) болашақ жұбайымен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Бастапқыда жас жігіт үлкен жоспарлар құрмаған еді, бұл Атырауда, қыз Павлодарда, араларын үлкен қашықтық бөліп тұрған. Ол қызды қанша көргісі келгенімен, жұмыстан еш шыға алмады.

«Бақыттарына орай, тағдыр жазып, қызды жұмыс бабымен Ақтауға жіберді, жолда ол Атырауға соға кетті. Онсыз өмір сүре алмайтынымды бірден түсіндім», - дейді Александр.

Ол Жаңа жылда қалыңдығына сөз салу үшін Павлодарға барды. Қазір олар бірге бақытты ғұмыр кешуде, жақында ұлды болды. Құттықтаймыз!

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсіргенҚанат ЕЛЕУОВ

22 мамыр 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.