Жастар ісі бойынша қоғамдық кеңестің жақында өткен отырыстында облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ қара хиджаб жамылған қазақ қыздары жөнінде өзінің өткір пікірін айтып өтті.
ЖАСТАРҒА ЖАЙЛЫ ЖҰМЫС ОРНЫ
Алайда алдымен қылмыс туралы мәселе қозғалды. ІІД-нің әкімшілік полиция басқармасы бастығының м.а. Мұрат ДЕМЕГЕНОВТІҢ айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда қылмыс 38,8%-ға артқан. Әкім өзіне келіп түскен ақпараттарда көбіне Мақат ауданы жиі айтылатынын атап өтті. Демегенов сол жерде қылмыстың өсімі, аз болса да, бар екенін растады. Мақат ауданының әкімі Ерболат ОМАРОВТЫҢ айтуынша, жағдай тұрақты, алайда ең өзекті мәселе полиция кадрларының жетіспушілігі болып отыр.
Жастарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Клара МҰҚАШКЕРЕЕВА сөз сөйледі. Бүгінде облыста 140 мың жас адам өмір сүреді, бұл жалпы халықтың төрттен бірі. Біздің облысымызда жастар арасындағы жұмыссыздық ең төменгі деңгейде (республикалық көрсеткіш - 3,8%, бізде - 11%) екендігі мақтанышпен айтылды. Егер 2007 жылы жастар барлық жұмысқа тұрған қызметкерлердің 21%-ын құраса, бұл сан бүгінде - 35%.
Мұқашкерееваның айтуынша, жыл басынан бері жұмыспен қамту органдарына 5,2 мың жас адам хабарласқан және олардың жартысына жуығы – ауыл балалары. Тұрақты жұмысқа 1422 адам орналастырылды, тағы да 1372-сі әлеуметтік жұмыс орындарына (ісқағаздарын жүргізушілер, курьерлер, газет таратушылар және т.б.) ие болса, 654 адам жастар практикасы аясында жұмысқа жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындарында жалақы - 36 мың теңге, ал жастар практикасы бойынша – 29 мың теңгеден сәл жоғары.
ТЕК 300-ДЕН КЕМ БОЛСА
Әкім жастардың жұмыспен қамту органдары ұсынып отырған жұмыс орындарына, әсіресе, әлеуметтік жұмыстарға барғысы келмейтіні туралы да сөз қозғады. Оның айтуынша, жақында әкімнің жеке қабылдауында бір жас азамат болған екен:
- Әңгіме барысында ол өзіне ұсынылған жұмыс орындарынан екі рет бас тартқан екен, өйткені 80-100 мың теңге жалақыға келіскісі келмеген. «300 мың теңгеден кем болса, бармаймын», - деді ол маған. Осындай мәндегі жастардың, олардың ата-аналарының балаларын шетелдік компанияларға жұмысқа орналастыруға көмектесуді сұраған өтініштер өте көп. Алайда жұмыспен қамтумен айналысатын арнайы органдар бар ғой. Жалпы, көп ақша төлейтін жұмысқа тұру үшін, ең алдымен, өз білімің мен қабілетіңе сәйкес келетін орындардан бастаған дұрыс.
Әкім осындай өтініштердің көпшілігі Жылыой ауданынан келіп түскенін атап өтіп, аудан әкімі Максим ІЗБАСОВТАН түсінік беруін сұрады. Ал ол жылыойлық жұмыссыздар оқу орталықтарында оқытылып жатқаны және ТШО мердігерлерімен меморандумға қол қойылғаны жөнінде кезекші жауабын берді. Ізмұхамбетов жастарды мал шаруашылығы және егіншілікпен айналысуға шақырды. Оның айтуынша, қазір бұған барлық жағдайлар жасалған: бос жер, су бар, бұларды қолданғаны үшін аграрлар төлемақының тек 20%-ын ғана төлейді, қалған бөлігін мемлекет субсидияландырады.
МЕДИЦИНАЛЫҚ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЗАРЫ
«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының орындалуы да қаралды. Өткен жылы166 маманға тұрғын үй алу үшін 175 млн теңге бөлінді. Биыл аудандық әкімдіктер бюджеттен 201 маманға көтерме ақы және 68 маманға тұрғын үй алуға жеңілдетілген несиелер (37 адамға несиелер мақұлданды) тағайындауды сұрады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВТЫҢбағалауынша, облыста қазір 220 дәрігер жетіспейді, олардың 80-і ауылдық жерлерге керек. Отырыс барысында «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» жастар ұйымының жетекшісі Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ «Аджип ҚКО» және «Эксон Мобил» мұнай компанияларының жеңілдік бағдарламалары бойынша Ақтөбеде оқып жатқан медициналық оқу орны студенттерінің өтініштерін оқыды. Қойылған талаптарға сәйкес, көмекті тек сессияны төрт пен беске тапсырғандар ған ала алады, алайда дәрігерлік оқу өте қиын, сондықтан да студенттер оқуды емтиханнан құламай өткен барлығына бірдей тегін етуді сұрайды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы талапты төмендетуге болмайтынын, бұл болашақ дәрігерлердің сапасына әсер ететінін атап өтті. Ізмұхамбетов мұнымен келісіп, «жеңілдіктермен» оқып жүрген студенттердің оқуды тастаған немесе диплом алғаннан кейін туған облыстарына кері қайтпай қалып жатқан жағдайлардың бар екенін айтып кетті.
ӨРКЕНИЕТКЕ ҚАРАЙ БЕТ ТҮЗЕ
Сонымен қатар әкім бүгінгі таңда өзекті болып отырған жастарға діни тәрбие беру мәселесін де қозғады. Облысқа білікті теологтарды шақырумен байланысты оң өзгерістердің болып жатқанын атап өтіп, ол басынан аяғына дейін қара жамылып алған қыздар турасында қатты айтты:
- Олар үйлерінде біреу өлгендей қара жамылады. Олар мұнысымен нені көрсеткісі келеді? Ешқандай білімі, тәрбиесі жоқ. Оларды қандай болашақ күтіп тұр? Бұл сақал жіберіп, балағын қысқартқан жас жігіттерге де қатысты. Сын айтқан адамға ашық-шашық жүргенннен жақсы емес пе деп уәж айтады. Шектен шығудың еш қажеті жоқ, өркениетті елдерге қарай бой түзеуіміз керек.
ҚАҚПАШЫ БАРЫН САЛДЫ, АЛАЙДА...
Отырыстан кейін Б. Ізмұхамбетов қалалық №19 мектептің спорт алаңына келіп, қала біріншілігінде жүлде алған футбол командаларын марапаттауға қатысты. 1-орын алған Сарықамыс ықшамауданының командасын марапаттап тұрып, өз жұмыс жолын Жылыой ауданы Сарықамыс ауылында бастағанын тебіреніспен еске алып өтті. Оның айтуынша, облыс орталығы мен аудандардың барлық мектептерінде спорт алаңдарын салатын жоспар бар. Сонымен қатар, футбол ойнауға да болатын жабық стадиондар жобасы әзірленуде. Шара аяғында әкім бірнеше пенальти теуіп, шеберлігін көрсетті.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА
Суретті түсірген автор