Атырау, 29 қыркүйек 22:43
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Жазылмасын жұбыңыз!

2 705 просмотра

14 ақпанда облыстық телекоммуникация дирекциясы (ОТД) ғашықтарға арналған «келісім орындығын» таныстырды. Осындай ерекше, бірақ ыңғайсыздау жасалған құрылғылар – ортасы төмен түскен орындықтар бірқатар әлем қалаларында орнатылған және көрнекі жерлердің бірі болып табылады.

Атыраулық келісім орындығы Абай көшесі бойындағы Орталық агенттік ғимаратының алдына орналастырылған. Бұл жерде Wi-Fi технологиясы бойынша интернетке тегін кіру аймағы ұйымдастырылды.

- Осы келісім орындықтары (біз тағы бір орындықты Пушкин көшесі бойындағы Кеңейтілген сервис орталығы кеңсесінің алдына орнатуды жоспарлап отырмыз) ғашықтар көп жиналатын орынға айналады деп үміттенеміз, - дейді Атырау ОТД маркетинг бөлімінің директоры Айнагүл МАХМУТОВА. Бұл, бір жағынан, «Қазақтелеком» АҚ-ның 20 жылдығына арналған іс-шаралардың бастамасы.

Одан бөлек, ОДТ қызметкерлері үздік love story байқауын жариялап отыр. Өз махаббат оқиғаларын айту қалалықтар арасында үлкен қызығушылық тудырды.

- Ересек жұптар белсенділік танытты, әсіресе, ер адамдар көп хат жазды. Оқиғалар әр алуан, бақытты, мұңды, бірақ сезімге толы, - дейді АОДТ-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі маманы Жанар БІЛӘЛОВА. – Біреуі өмірден ерте кеткен жұбайын еске алса, біреулері өз бақытын ұстап қала алмағанына өкініш білдірді, енді біреулері қалай бақытты отбасы болу керектігі жөнінде өз кеңестерін берді. Ал біреуі өз ғашықтық оқиғасын ащы мысқылмен аяқтапты: «әрі қарай барлығы жұрттардағыдай аяқталды: той, балалар, айырылысу». Бір қызбен танысып, оған ғашық болған жас жігіттің хаты есте қалды: бойжеткен оны тек жақсы досы ретінде қабылдаған, танысқан сәттерінде басқа біреуге күйеуге шыққалы да жүрген. Жігіт сезімін білдіргенмен, қыз өз сүйгеніне қосылды. Ал осы хат жазып отырған жігіт қыз жұмыс жасайтын кәсіпорынға әдейі жұмысқа кіреді: ол үшін өз сүйгенін күнде көріп жүргеннің өзі бақыт...    

Зульфия ИСКАЛИЕВA

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

20 ақпан 2014, 17:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.