Атырау, 23 қараша 12:24
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жаманнан жирен

2 106 просмотра

Мамырдың әрбір үшінші жексенбісінде бүкіл дүние жүзінде ЖИТС-тен (СПИД) көз жұмғандарды еске алу күні өткізіледі.

БҰЛ ТОПТА ШЕК ЖОҚ

Осыған қатысты өткізілген баспасөз конференциясында облыстық ЖИТС орталығының дәрігерлері соңғы жылдары ауру жұқтырғандардың әлеуметтік портреті қатты өзгергендігін атап өтті. Қоғамда «тәуекелдер тобы» бойынша салы суға кеткен адамдардың, көбінесе нашақорлардың стереотипі қалыптасқан. Бірақ бұл олай емес. Атырау облысында ВИЧ жұқтырғандардың 90 пайызының тұрақты жұмысы бар, 70 пайызы - жоғары білімді.

Облыстық СПИД/ВИЧ-тің алдын алу және оған қарсы күресу орталығының бас дәрігері Күлсім ДҮРЖАНОВАНЫҢ айтуынша, Қазақстанда 22 750 ВИЧ-жұқтырғандар тіркелген. Ең көп шалдыққандар Алматы, Павлодар, Қарағанды, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында. Алайда біздің өңірімізде бұл цифрлар үнемі өсіп отыр. 2011 жылы 17, 2012 жылы 29, 2013 жылы 28 ВИЧ-жұқтырғандар тіркелді. Биылғы жыл басынан бері он болды: олардың бірі 30-дан сәл жастау; үшеуі – 30-дан 39 жасқа дейінгі, тағы үшеуі – 40-тан 49 жасқа дейін, қалғандары 50-ден 59 жасқа дейін. Осы он адамның сегізі - әйел адамдар.

Атырау облысында алғашқы оқиға тіркелген 1993 жылдан бастап бізде осы диагнозбен барлығы 134 адам анықталған, оның 120-сы – жергілікті тұрғындар. Тіркеу басталған уақыттан бері ЖИТС-тен 10 адам көз жұмған.

Дәрігерлер әрдайым да эпиде-миологиялық зерттеу жүргізіп, аурудың қалай жұғуы мүмкін екендігін анықтау жұмыстарын жүргізеді. Егер бұрын негізінен нашақорлар ортақ шприц арқылы жұқтыратын болса, бүгінде Атырау облысында басқа себеп алдыңғы орынға шыққан: соңғы 10 жағдайда сегіз адам ауруды жыныстық қатынасқа түсетін серігінен жұқтырған.

 

ҚАУІПТІ «МАМАНДЫҚ»

Облыстық наркологиялық диспансердің нарколог дәрігері Светлана СТРАМАУСОВА облыста есірткіні тамырына салатын нашақорлар саны азайғанын атап өтті. Алайда, марихуананы пайдаланатындар саны көбейген, мұндай бағыт еліміздің барлық жерінде байқалады.

Биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап жүргізуші куәлігін алушылар наркологиялық тестіден өтуге міндетті (бұрын, әдетте, есепке алу базасы бойынша тексерумен шектеліп, тексерусіз анықтама беретін). Бұдан басқа, жыл сайын жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттеріне тестілеу жүргізіледі.

Күн сайын екі-үш оң нәтижеден аламыз, көпшілігі жастар, кәмелетке толмаған балалар да баршылық. Бұл жағдайда кейбір ата-аналардың реакциясы таң қалдырады. Жақында мынадай бір жағдай болды: кәмелетке толмаған балаға жасалған талдау күмәнді болды. Есірткі тұтынған қалдық іздері болуы ықтимал болатын. Бірақ біз 100 пайыз сенімді болғымыз келді. Ол үшін кәмелетке толмаған баланың өкілін қатыстырып, қайталама талдау жасамақ болдық. Анасы: «керек нәрсенің бәрін жасаңдар. Ал, менің уақытым жоқ, жұмысқа кетуім керек!» деді. Егер адам жеңіл есірткіні пайдаланып көрген болса, ауыр түрін де байқап көруге моральдық тұрғыда дайын екенін түсінуі керек қой, - деп ескертеді Светлана Страмаусова.

Кейбір дәрігерлер баспасөз конференциясында жезөкшелікті заңдастыру жөнінде де айтып өтті. Бұл «мамандықты» қолдағандықтан емес, әрине. Бұлай болған жағдайда өз кәсібіне қарай соз аурулары мен ЖИТС-ті жұқтырып алып, «тізбек бойынша» тарату қаупін тудыратын әйелдердің денсаулығына ресми түрде бақылау жасауға болар еді дейді.

Жезөкшелердің ықтимал клиенттері туралы ЖИТС орталығы зертханасының меңгерушісі Татьяна МЕНЬШИКОВА жеке әңгімеледі:

Қарапайым өмір салтын ұстанатын, бірақ кейде ақылы әйелмен «босаңсуды» жөн көретін адамдар мұның неге әкеліп соқтыратынын ойламайды да. Ақыр аяғында бүкіл отбасының тағдыры бұзылады.

Адамның ЖИТС-ке шалдыққаны туралы ақпарат ол үшін қатты соққы болады. Соның салдарынан өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері де орын алады.

«Маған қатысты бұлай болуы мүмкін емес» деген сенімділікпен жүре беріп, иммунитет тапшылығы салдарынан түрлі дертке шалдыққан соң ғана медиктерге қаралған науқастарда сырқаттың 3-деңгейі анықталып жатады. Өздеріңізді күтіңіздер және қырағы болыңыздар!

Зульфия ИСКАЛИЕВА

22 мамыр 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.