Атырау, 8 қазан 05:55
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Ауладағы құс фермасы

8 502 просмотра

Жеке кәсіпкер Райхан БАЙТУРИЕВА (суретте) құс өсірумен жеті жылдан бері айналысып келеді. Ол қаладағы үйлерінің аядай ғана ауласында тауық, әтеш, қаз, үйрек, күркетауық ұстайды. Енді кәсібін кеңейту үшін Сарыөзек ауылынан құс фермасын ашуды көздеп отыр.

- Мен құстарды өсірумен қатар, балапандарын сатумен де айналысамын, -дейді Райхан.Көлікжайдағы үлкен қораптың ішінде жарыққа шыққандарына бір күн болған балапандарын бауырына басқан тауық жатыр. Шүпірлеген шөжелердің арасынан біреуін қолына алып, мейірлене сипаған иесі Райханға қызғана қарап қояды.  

Балапандарды Райхан әр сенбіде ескі базарға апарып сатады. Мұнда оның тұрақты сатып алушылары да бар.  

Бір қызығы, Райханның құс өсірумен айналысуына жасы 25-тер шамасындағы ұлы Руслан ықпал еткен (Райхан көпбалалы ана, Руслан оның тұла бойы тұңғышы).  Ол кішкентай күнінде үйге екі балапан сатып алып келген. Оларға өзі жем беріп, баптап өсірген. Кейін базарға апарып сатып, ақша жасаған. Бұл оның табысқа жетуінің алғашқы қадамы еді. Кейін оның әке-шешесінің бұл іске деген қызығушылықтары оянып, құс өсіруді бірге бастап кетеді.     

- Баламызқа қосылып, балапан сатуға кіріскенде, олардың тез өтіп кететініне көзіміз жетті. Ал табыс келе бастағанда құс өсіруге деген қызығушылығымыз одан сайын арта түсті. Қазір бұл іссіз өзімді елестете де алмаймын. Меніңше, балапан баулыған бала мейірімділікке толы болып өседі. Мұны ұлымнан байқаймын. Ол өзінен кіші балаларға әрдайым қамқор болып жүреді, -дейді Райхан.

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген автор

24 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.