Атырау, 23 қараша 18:51
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Біз сіздермен біргеміз!

5 448 просмотра

- Жаңа ғимараттарың ұнай ма? – деп сұрадым мен есту қабілеті бұзылған балалар интернатының бір топ шәкірттерінен. Балалар бас бармақтарын көрсетіп, «керемет» деп жауап берді. Маслопромдағы бұрынғы балабақша ғимаратынан кейін жаңа үш қатарлы интернат олар үшін хан сарайындай.

Біздің ескі танысымыз Исатай ЕЛЕУСІНОВ («ГП», 23.12.2010 ж., №51, «Свет в детских глазах – это и есть счастье» мақаласын қараңыз) – өзі хореограф, өзі сурдоаудармашы, өзі волонтер. Ол балаларға би үйретеді және барлық жобаларды жүзеге асыруға қатысады. Балалар жаңа ғимаратқа өткен жылы көшіп келген. Сол кезде «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» жастар бірлестігі «Бота» қоғамдық қорының қолдауымен «Біз сіздерді сеземіз және көреміз» жобасын жүзеге асырған еді. Мамандар балаларға шейпинг, арт-терапия бойынша және үстел теннисінен сабақтар өткізді, кәсіби бағдар алу бағдарламасы бойынша балалар кәсіпорындарға барып, нан қалай пісірілетінін, жаңа әсем көйлек қалай тігілетінін және т.б. көздерімен көрген.

- Біздің жобамыз есту қабілеті бұзылған балалар интернаты шәкірттерінің мәселелеріне қоғамның және мемлекеттік органдардың назарын аудартты. Көп жылдар бойы интернат жанындағы жатақханада жатқан балалар, іштерінде ауылдан келгендері де бар, бұрынғы балабақшаның ескі ғимаратында тұратын еді. Біз білім беру басқармасына балаларды бұдан кең орынжайға көшіруді ұсындық, бұл үшін сол кезде  тек бірнеше шәкірттер ғана тәрбиеленіп жатан девиантты мінез-құлықты балалар интернатының үш қатарлы ғимараты дәл келетін еді. Әкімдік бұл мүмкіндікті құп көріп, көшу жұмыстары басталып кетті, - дейді«Қазақстанның тәуелсіз ұрпақтары» бірлестігінің жетекшісі Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ. Ғимаратқа жөндеу жасалды. Сондай-ақ бұл жерде енді есту қабілеттері бұзылған балалар тұратыны есепке алынып, дефектолог, дыбыс кабинеттері қарастырылды. Енді балаларда кең асхана, акт залы, спорт залы, оқу бөлмелері, шеберханалары және олардың концерттік костюмдерін қоятын арнайы киім бөлмелеріне дейін бар! Сурдопедагогтардың балалармен жеке шұғылдануына үлкен мүмкіндіктер пайда болды. Ғимараттың қаладан алшақ орналасуы да мәселе емес – мемлекет балалар мен педагогтарды үйлеріне тарататын көлік бөлді.

Қаңтарда «ҚТЖ» бірлестігі жобаны жалғастырды. Енді балаларда жаңа сабақ – компьютерлік және қол дизайны сабағы пайда болды. Н. Тілендиев атындағы Өнер Академиясының сурет және дизайн пәнінің оқытушысы Лаура ТІЛЕКБАЙ шеберхана қабырғасына ілінген балалардың жұмыстарын көрсетті: гжель қолтаңбасы стилімен әрленген суреттер де, қағаз бедерлер де, целлофанмен, кафельмен жасалған монотиптер де осында. Суреттерге арналған қоршамаларды да балалар картоннан өз қолдарынан жасап, қағаз гүлдермен, жылтырақ шытырмалармен әдемі безендірген. Лаура балалардан осы уақытқа дейін не үйренгендерін көрсетулерін өтінді. Ер балалар қарапайым керамикалық қалақшаларды алып, өздеріне ұнаған бояулармен бояды және оның бетіне қағаз парақшаларын жауып, кері аударғанда, менің алдымда екі сурет пайда болды: көл жағасындағы күзгі орман мен ашық түсті карнавал. Ал жас суретшілердің қасында «Бота» қоры сыйлаған екі су жаңа тігін машинасында Зейне мен Алтынай іс тігіп отыр. Іс машиналарын күні кеше әкелген. Алайда қыздар тез үйреніп алып, қазір ер балаларды үйретіп жүр. Оларға да машинамен іс тіккен өте ұнайды.

Мен интернатқа келген күні мұнда басқа да қонақтар – балаларға сурет қоршамаларын сыйға әкелген сақтандыру компаниясының өкілдері және ТШО-ның «Ынтымақ» корпоративті волонтерлік бағдарламасының еріктілері Ирина КИМ мен Майя ШАМЕНОВА келді. Қыздар интернатқа қандай көмек керектігін сұрап, балаларға дизайн сабақтары үшін түрлі материалдар керек екендігін бірден ұқты. Өйткені балалар алдарына үлкен жоспарлар қойып отыр: теріден, фетрден, күдеріден сүйретпе, құрақ (пэчворк) техникасымен сөмкелер, мата қалдықтарынан тұтқыштар тігуді, ине мен ілгіш арқылы тоқуды, шашқа тағатын әсемдік бұйымдарын жасауды және басқа да көп нәрселерді үйренгілері келеді. Алайда балалардың ең үлкен арманы – ауладағы спорт алаңы. Бұрынғы ғимаратта бұл туралы ойламаған да еді, онда аула болмаған. Ал қазіргі аумақтары бұған мүмкіндік береді. Қонақтар үшін арнайы кең ғимарат ішін аралау ұйымдастырылды. Исатай концерттік костюмдерін көрсетіп, бас киімдер қалай тігілетіні туралы айтты. Содан кейін біздерді халықаралық әйелдер мерекесіне орай интернат шәкірттерінің дайындап жатқан концертіне шақырды: қойылым бағдарламасында ән де, би де, сайқымазақ та, бәрі болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

7 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.