Атырау, 21 желтоқсан 21:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда

«ҚТЖ ҰК» АҚ филиалы – «Атырау магистральдық желі бөлімшесінің» директоры ұсталды Атырауда

«ҚТЖ ҰК» АҚ филиалы – «Атырау магистральдық желі бөлімшесінің» директоры ұсталды

«Қазақстан Теміржолы» Ұлттық компаниясы» АҚ филиалының директоры Елеубай САПАРОВҚА қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ол өзінің қызметтік бабын пайдаланып, алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы кәсіпкердің 1 500 000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденді деген күдікке ілінді. 19 қазан 2022, 23:16 2 056 рет қаралды
«Ақ Жайық» Орталық Азия медиафестивалінде жүлде алды Атырауда

«Ақ Жайық» Орталық Азия медиафестивалінде жүлде алды

8-10 қазан аралығында Алматыда төртінші жыл сайынғы Орталық Азия MediaCAMP Fest өтті. Орталық Азиядағы журналистиканы дамытушы Newreporter сайты («Жаңа репортер») бірқатар қазақстандық БАҚ-ты бірнеше номинация бойынша марапаттады – олардың қатарында біздің «Ақ Жайық» та бар. 11 қазан 2022, 13:15 1 209 рет қаралды
Жамбылдағы сарбаз өлімі: сот істі қосымша тергеуге қайтарды Атырауда

Жамбылдағы сарбаз өлімі: сот істі қосымша тергеуге қайтарды

6 қазан күні Алматы гарнизонының әскери соты 22 сәуірде Жамбыл облысы Гвардейский елді мекеніндегі госпитальда қаза болған 18 жастағы жауынгер Әлібек ҚАЛБАЙДЫҢ өліміне қатысты істі қайта тергеу туралы қаулы шығарды. Жәбірленуші тараптың адвокаты Гүләйым ШИНТАЕВА сотқа дейінгі тергеудің айғақтарына күмән келтіріп, істің жан-жақты қайта зерттелуін сұрап, өтінішхатын жолдады. Сотқа айыпталушы тараптан да осындай өтінішхат түскен болатын. Сурет Бейнежазба 9 қазан 2022, 00:13 2 184 рет қаралды
Атырау мұнай өңдеу зауытына 5,6 миллион теңге экологиялық айыппұл салынды Экология

Атырау мұнай өңдеу зауытына 5,6 миллион теңге экологиялық айыппұл салынды

Атырау қаласының әкімшілік соты «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ін жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарды. Атырау мұнай өңдеу зауытына қоршаған ортаға эмиссиялардың бірқатар зауыт көздерін пайдалануға экологиялық рұқсатты 1 ай мерзімге тоқтата отырып, 5 млн 626 мың 100 теңге айыппұл салынды. 7 қазан 2022, 17:18 1 610 рет қаралды
Үш ықшамауданда ипотекаға үй салынып жатыр Атырауда

Үш ықшамауданда ипотекаға үй салынып жатыр

Атырауда келесі жылы Талғайраң ауылы, Береке, Самал ықшам аудандарында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық ТКШ бөлімінің тұрғын үй секторының меңгерушісі Рафхат ЖОЛДИЕВ брифингте хабарлады. 6 қазан 2022, 09:58 928 рет қаралды
Мұндай «құрбы» жаудан да жаман Оқиға

Мұндай «құрбы» жаудан да жаман

Исатай ауданының 33 жастағы тұрғыны құрбысының атынан тоғыз рет онлайн несие рәсімдеген. ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, Жәбірленуші банктер мен басқа да қаржылық ұйымдардан толассыз қоңырауларынан соң өзінің  804 993 теңге көлемінде несие қарызы барын білген. 6 қазан 2022, 12:55 1 524 рет қаралды
Серік Шәпкенов: «Кәсіпкерлермен ашық сөйлесуге қашан да дайынмын» Атырауда

Серік Шәпкенов: «Кәсіпкерлермен ашық сөйлесуге қашан да дайынмын»

Өткен жұмада аймақ басшысы Серік ШӘПКЕНОВ 200-дей бизнес өкілімен кездесті. Бұл биыл облыс әкімінің кәсіпкерлермен екінші мәрте бас қосуы. Еске салсақ, өңір басшысының жергілікті бизнес өкілдерімен көктемде өткен алғашқы кездесуі «галстуксыз» форматта 5 сағатқа созылған еді. 4 қазан 2022, 01:13 1 026 рет қаралды
Қазақстан құрылысшылар одағы: «Атырауда жаңа тұрғын үйлер бағасының шарықтауына негізгі екі себеп бар» Атырауда

Қазақстан құрылысшылар одағы: «Атырауда жаңа тұрғын үйлер бағасының шарықтауына негізгі екі себеп бар»

Атырау облысында құрылыс саласы қиын жағдайды бастан кешіріп отыр. Бұл қандай қиындықтар және оның салдары Атыраудың тұрғын үй нарығына қалай әсер етіп жатыр? Осы және өзге де сауалдарға «Қазақстан құрылысшылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігі Атырау облыстық филиалының директоры Эльдар МҰХАНБЕТЖАНОВ жауап берді. 4 қазан 2022, 11:50 1 293 рет қаралды
«Қазақ ұлттық қыздар мектебіне» 53 мың теңге айыппұл салынды Атырауда

«Қазақ ұлттық қыздар мектебіне» 53 мың теңге айыппұл салынды

3 қазанда Атырау қаласының мамандандырылған соты ЖШС-ны ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі бойынша («Тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз кәсіпкерлікпен немесе өзге де қызметпен айналысу») әкімшілік жауапкершілікке тартып, 53 603 теңге айыппұл салды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады. 4 қазан 2022, 18:32 1 090 рет қаралды
Жүк көлігінен 20 миллион теңге ұрлаған Оқиға

Жүк көлігінен 20 миллион теңге ұрлаған

Жылыой ауданының 45 жастағы тұрғыны полицияға Мақат ауданында «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолында белгісіз біреудің «DAF» маркалы ауыр жүк көлігінің ішіне кіріп, 20 445 000 теңге салынған сөмкесін ұрлап кеткенін хабарлаған. 1 қазан 2022, 02:13 1 325 рет қаралды
«Қазақ ұлттық қыздар мектебі» мен білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті сотта кездесті Атырауда

«Қазақ ұлттық қыздар мектебі» мен білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті сотта кездесті

Атырау қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған сотында «Қазақ ұлттық қыздар мектебі» ЖШС үстінен әкімшілік іс қаралып жатыр. 29 қыркүйек 2022, 00:41 1 675 рет қаралды
«Бекіре-2022»: 134 келі қызыл балық тәркіленді Атырауда

«Бекіре-2022»: 134 келі қызыл балық тәркіленді

«Бекіре-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасының күзгі кезеңіндегі 17 күн ішінде 102 құқық бұзу дерегі тіркелді. Бұл туралы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Нұрлыбек ӨТЕНИЯЗОВ мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.  28 қыркүйек 2022, 16:48 1 196 рет қаралды
Мұнай саласына жұмысқа кіргіземін деп, алдап кеткен Атырауда

Мұнай саласына жұмысқа кіргіземін деп, алдап кеткен

Атырауда 20 адамды жұмысқа орналастыруға уәде беріп, алаяқтық жасады деген күдікпен 32 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол жалпы сомасы 3 миллион теңгені алып, ірі мұнай компаниясына жоғары жалақы алатын жұмысқа орналастырам деп, уәде берген. Алданғандардың бәрі - Түркістан облысының тұрғындары. 28 қыркүйек 2022, 17:03 1 220 рет қаралды
Каспий жағалауындағы дала өртінің «Ақжайық» резерватына қатысы жоқ Атырауда

Каспий жағалауындағы дала өртінің «Ақжайық» резерватына қатысы жоқ

Бұл туралы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Нұрболат Каримов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. 27 қыркүйек 2022, 15:23 980 рет қаралды
Бастапқыда ШРК асып кетті, кейін өзгерді Атырауда

Бастапқыда ШРК асып кетті, кейін өзгерді

“АЖ” 20 қыркүйекте Кеңөзек ауылдық округіне қарасты Тасқала ауылынан 40 шақырым жерде шыққан өрт түтіні қаланы басқан соң Атырау облысы бойынша экология департаментіне ауа сапасының жағдайы бойынша сауал жолдады. Сол күні кешке бізге зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары тексеруге шыққаны, нәтижесі кейін шығатыны хабарланды. 23 қыркүйек 2022, 17:01 1 686 рет қаралды
«Қамысқа фермерлер өрт қояды деп ойлаймын» Атырауда

«Қамысқа фермерлер өрт қояды деп ойлаймын»

Бүгін, 23 қыркүйекте Өңірлік коммуникациялар қызметінде ТЖД қызметкерлерінің және аңшылар мен балықшылар қоғамы өкілдерінің қатысуымен «Аңшылық маусымындағы өрт қауіпсіздігі» тақырыбында брифинг өтті. Әлеуметтік желі арқылы қойылған сұрақтарға жауап берген аңшы Валерий ТӨЛЕУОВ фермерлер жаңа шыққан қамысты шабу үшін жағалаудағы қамыс қопасына өрт қояды деген пікірін білдірді. 23 қыркүйек 2022, 15:32 1 264 рет қаралды
Көкарна ауылының тұрғындары: «Питомникті бізден аулақ әкетіңдер!» Атырауда

Көкарна ауылының тұрғындары: «Питомникті бізден аулақ әкетіңдер!»

20 қыркүйекте кешкісін қала іргесіндегі Көкарна ауылының тұрғындары қаңғыбас иттерге арналған питомниктің жанына жиналып, оны басқа жерге көшіруді талап етті. Питомник ауылдың өзінде орналасқан. Тұрғындар иттердің үнемі абалап үріп, мазаны алатынына және жағымсыз иіс шығатынына шағымданады. Бүгін, 21 қыркүйек күні таңертең оларға қала әкімдігінде қала әкімі Мейірім ҚАЛАУИМЕН кездесу белгіленді. Бейнежазба 21 қыркүйек 2022, 17:00 1 451 рет қаралды
Тасқала ауылы мен «Ақжайық» резерватындағы қамыс жанған аумақ анықталды Атырауда

Тасқала ауылы мен «Ақжайық» резерватындағы қамыс жанған аумақ анықталды

Бүгін, 21 қыркүйекте ТЖД қызметкерлері қала іргесіндегі Кеңөзек ауылдық округінде (Тасқала-1, Тасқала-2, Тасқала-3) теңіз қамысы жанған аумақты алдын ала 60 гектар деп анықтады. Сурет 21 қыркүйек 2022, 17:31 1 600 рет қаралды
Экологтар дала ластаушыны іздестіріп жатыр Экология

Экологтар дала ластаушыны іздестіріп жатыр

16 қыркүйек күні әлеуметтік желіде Атырау облысы Исатай ауданы Жанбай ауылында жерге мұнайға ұқсас қара майдың төгіліп жатқаны туралы бейнежазба тарады. Кадр сыртындағы дауыс «біреу мұнай төгіп кеткен сай-салаға» деп айтып жатыр. 20 қыркүйек 2022, 14:35 2 084 рет қаралды
Атырауда ұшқан күл: теңіз қамысы жанып жатыр Атырауда

Атырауда ұшқан күл: теңіз қамысы жанып жатыр

Бүгін, 20 қыркүйекте сағат 18-ден бастап Атырау тұрғындары қала көгін қара түтін басып жатқанын байқады. Әлеуметтік желіде ауада күлдің ұшып жүргені түсірілген видео пайда болды. Толықтырылды Сурет Бейнежазба 20 қыркүйек 2022, 23:08 1 676 рет қаралды
Су тазарту қондырғысының басшысы: «Мен кран суын ішемін» Атырауда

Су тазарту қондырғысының басшысы: «Мен кран суын ішемін»

Бүгін, 19 қыркүйекте Өңірлік коммуникациялар қызметінде Атырау қаласы тұрғындарының кран суының жағымсыз иісіне қатысты шағымы бойынша брифинг өтті. Журналистер мен әлеуметтік желі қолданушыларының сұрақтарына жауап беруге су тазарту қондырғысының басшысы Борис ПЕНКИН мен бас технолог Жәмила ИСАҒАЛИЕВА келді. 19 қыркүйек 2022, 23:19 1 208 рет қаралды
«Атырау» ойыны: мықтыны жеңіп, әлсізге есе жіберді Спорт

«Атырау» ойыны: мықтыны жеңіп, әлсізге есе жіберді

Футболдан ел чемпионатының 20-турында «Атырау» ФК өз алаңында «Тұран» (Түркістан) командасын қабылдады. Алдыңғы кездесуде сырт алаңда мықты «Тобыл» командасын жеңгеннен кейін аутсайдерлердің бірі алаң иелерінің оңай олжасына айналатындай көрінген. Өкінішке орай, олай болмай шықты. 17 қыркүйек 2022, 15:31 1 490 рет қаралды
Томарлы ауылында қаңғыбас ит 7 жасар баланы қауып алды, бірақ иттің көзін жоюға болмайды Оқиға

Томарлы ауылында қаңғыбас ит 7 жасар баланы қауып алды, бірақ иттің көзін жоюға болмайды

Әлеуметтік желіде қала іргесіндегі Томарлы ауылында 7 жасар балаға алабай тұқымды ит шабуыл жасап, бас терісінің бір бөлігін сыдырып, жарақаттағаны туралы ақпарат пайда болды. 16 қыркүйек 2022, 15:37 1 838 рет қаралды
Құрманғазы тұрғыны өз үйінен ретро-музей ашты Атырауда

Құрманғазы тұрғыны өз үйінен ретро-музей ашты

Құрманғазы ауданы Жапырақты ауылының тұрғыны Ғалымжан МҰҚАШЕВ ескі заттарды жинауды бала кезінен бастаған. Жақында ол өз үйінен ретро-музей ашуды ұйғарды. Бір бөлмеге сыйған шағын музейде түрлі заман жәдігерлері қойылған, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Сурет 16 қыркүйек 2022, 17:55 2 229 рет қаралды
APEC-тегі бос орындар жәрмеңкесі: инженер де, аспаз да керек Атырауда

APEC-тегі бос орындар жәрмеңкесі: инженер де, аспаз да керек

14 қыркүйекте APEC PetroTechnic Жоғарғы колледжінде жұмыссыз жүрген азаматтар мен ТШО-ның Келешек кеңею жобасынан босатылған қызметкерлер үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. 15 қыркүйек 2022, 11:35 1 558 рет қаралды
Шетелдік компаниялар енді GOOGLE үшін салық төлейді Атырауда

Шетелдік компаниялар енді GOOGLE үшін салық төлейді

Жыл басынан бері интернетте қызмет көрсететін шетелдік компаниялар, сондай-ақ интернет арқылы жеке тұлғаларға тауарлар сататын шетелдік сауда алаңдары (маркетплейстер) қосылған құн салығы немесе GOOGLE салығын төлеуі керек. Бұл туралы Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады. 15 қыркүйек 2022, 16:07 1 089 рет қаралды