Атырау, 27 сәуір 09:59
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Экологтар дала ластаушыны іздестіріп жатыр

1 722 просмотра

16 қыркүйек күні әлеуметтік желіде Атырау облысы Исатай ауданы Жанбай ауылында жерге мұнайға ұқсас қара майдың төгіліп жатқаны туралы бейнежазба тарады. Кадр сыртындағы дауыс «біреу мұнай төгіп кеткен сай-салаға» деп айтып жатыр.

«АЖ» Атырау облысы бойынша экология департаментінен комментарий сұрады. Департамент жауабына сәйкес, 17 қыркүйек күні әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында департамент Жанбай селосынан Астрахань бағытына қарай 3 км тұста ашық далаға белгісіз біреулердің мұнай өнімдері тәріздес сұйықтықты төгіп кеткенін анықтаған.

- Жедел әрекет ету мақсатында департамент мамандары аталған орынға барды. Қарау барысында, мұнай тәріздес сұйықтық төгілген 3 аумақ анықталды. Бүлінген жердің жалпы ауданы 323 шаршы метрді құрады. Зертханалық талдама жасау үшін бұл аумақтан ластанған топырақ сынамалары алынды. Қарау актісі толтырылып, дақ фото және бейнежазбаға түсірілді. Кінәлі тұлғаны анықтау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп, құжаттар жинақталып жатыр, - делінген хабарламада. 

Айнұр САПАРОВА

20 қыркүйек 2022, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.