Атырауда 20 адамды жұмысқа орналастыруға уәде беріп, алаяқтық жасады деген күдікпен 32 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол жалпы сомасы 3 миллион теңгені алып, ірі мұнай компаниясына жоғары жалақы алатын жұмысқа орналастырам деп, уәде берген. Алданғандардың бәрі - Түркістан облысының тұрғындары.
Атырау облысының ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы («Екі немесе одан да көп адамға қатысты алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Айтпақшы, ұсталған азамат бұған дейін осы бап бойынша сотталған.
Айнұр САПАРОВА