Атырау, 29 қараша 08:53
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Мұндай «құрбы» жаудан да жаман

1 421 просмотра

Исатай ауданының 33 жастағы тұрғыны құрбысының атынан тоғыз рет онлайн несие рәсімдеген. ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, Жәбірленуші банк мен басқа да қаржылық ұйымдардан түскен толассыз қоңыраулардан соң өзінің  804 993 теңге көлемінде несие қарызы барын білген.

- Алаяқтық жасады деген күдікпен Исатай ауданының 32 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Тергеу барысында жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарын бұрын күдіктіге, яғни құрбысына бергені анықталды, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі 4-тармағы («Ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану арқылы жасалған алаяқтық«) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

6 қазан 2022, 12:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.