Атырау, 25 сәуір 05:52
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Жайық тағы "көгеріп" жатыр

1 249 просмотра

Атырау тұрғындары соңғы күндері кран суынан дустінің иісі шығатынына, оны қайнатқанда да пайдалану мүмкін еместігіне шағымдануда.

109 бірыңғай байланыс орталығының өкілдері судың жағымсыз иісі туралы шағым көп түсіп жатқанын растады, бірақ ахуалға өте қысқа түсініктеме берді: «Жайықтың ластануына байланысты (түсінің жоғарылауы) хлордың дозасы көбейтілді. Су пайдалануға және ішуге жарамды».

Ал кейінірек «Атырау облысы Су арнасының» комментарий тарады: «Тазарту жұмыстары бұрынғыша жалғасып жатқанын хабарлаймыз. Соңғы күндері Жайықтан алынған судың «көгеруіне» байланысты белгіленген нормадан асырмай, су тазарту қондырғысында тазартылатын суға реагент сәл көбірек қосылып жатыр. Су тазарту қондырғысының зертханасында су сағат сайын бақыланады. Құрамында дезинфекциялық реагенттер мөлшерінен асуы анықталған жоқ.

Еске салсақ, Жайық өзенінде судың «көгеруі» сияқты құбылыс әлсін-әлі байқалып тұрады. Жағалаудағы су қанық жасыл-көк түске және майлы тығыздыққа айналады. Бұл күндері қала тұрғындары құбыр суынан жағымсыз иіс шыға бастайтынын айтады. Осындай жағдай 2015 жылдың тамыз айында орын алған еді. Бұған, су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы мамандарының айтуынша, өзен суының тайыздығы және ауа мен судың жоғары температурасы себеп болған. Осы жылдың 21 шілдесінде Жайықта Әлиев-Сатыбалдиев көпірінің маңында да үлкен жасыл «дақ» байқалған еді.

Айнұр САПАРОВА

19 қыркүйек 2022, 12:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.