Атырау, 21 желтоқсан 23:11
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Тасқала ауылы мен «Ақжайық» резерватындағы қамыс жанған аумақ анықталды

Сурет
1 600 рет қаралды

Бүгін, 21 қыркүйекте ТЖД қызметкерлері қала іргесіндегі Кеңөзек ауылдық округінде (Тасқала-1, Тасқала-2, Тасқала-3) теңіз қамысы жанған аумақты алдын ала 60 гектар деп анықтады.

Сондай-ақ, ТЖД баспасөз қызметі түнде жел теңізге қарай соққанын, сондықтан жанып жатқан аумақтың бір бөлігіндегі өрт өздігінен өшкенін хабарлады.

Бүгін 400 ш.м. болатын екі аумақ жанған.

– Қазір өртті әуеден сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ, - деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 20 қыркүйекте сағат 08:57-де Каспий теңізінің жағалауындағы Тасқала ауылынан 40 шақырым жерде және «Ақжайық» табиғи резерватының аумағында қамыс жанған болатын. Жердің батпақты әрі өрт сөндіру техникалары өте алмауына байланысты өртті сөндіру мүмкін болмады. ТЖД (20 қызметкер мен 2 техника) және «Ақжайық» МТР (5 жұмысшы мен 2 техника) күштері өртті бақылауға алған.

Айнұр САПАРОВА

ТЖД ұсынған суреттер

21 қыркүйек 2022, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.