Атырау, 29 қараша 06:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Атырау мұнай өңдеу зауытына 5,6 миллион теңге экологиялық айыппұл салынды

1 506 просмотра

Атырау қаласының әкімшілік соты «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ін жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарды. Атырау мұнай өңдеу зауытына қоршаған ортаға эмиссиялардың бірқатар зауыт көздерін пайдалануға экологиялық рұқсатты 1 ай мерзімге тоқтата отырып, 5 млн 626 мың 100 теңге айыппұл салынды.

Іс ӘҚБтК-нің 328-бабының 3-бөлігі ("Жүйелі түрде (екі реттен астам) жыл ішінде қоршаған ортаға эмиссиялар, төгінділер, шығарындылар нормативтерінен асып кету") бойынша қаралды.

– Сот Атырау облысы бойынша экология департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеру нәтижесін негізге алды. Тексеру барысында 2022 жылғы 27 шілдеде сағат 17:07-де «KEGOK» АҚ желілерінің апатты түрде ажыратылуына байланысты зауыттың электрмен жабдықтауында кернеудің төмендеуі орын алғаны, соның салдарынан динамикалық жабдықтың ПГПН, ПГП, ПАУ, ПКиС, ПиТН, ПТиЭЭ технологиялық қондырғыларының бір бөлігі әлсін әлі тоқтап қалғаны анықталды, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

7 қазан 2022, 17:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.