Атырау, 29 қараша 11:55
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

APEC-тегі бос орындар жәрмеңкесі: инженер де, аспаз да керек

1 464 просмотра

14 қыркүйекте APEC PetroTechnic Жоғарғы колледжінде жұмыссыз жүрген азаматтар мен ТШО-ның Келешек кеңею жобасынан босатылған қызметкерлер үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

Оған 34 ірі кәсіпорын қатысып, мыңға жуық жұмыс орындары ұсынылды. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат МӘМБЕТОВ мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ұсынылған тізімде техникалық құбырларды монтаждау және жөндеу слесарі, электрик, құбыр монтаждаушы, дәнекерлеуші, көлік жөндеуші, электр монтаждаушы, бақылау-өлшеу аспаптарын монтаждаушы, жүргізуші, жүк тасушы, жол жұмысшысы, оператор, дефектоскопист, экскаватор, бульдозер машинисі, аспаз, аспаздың көмекшісі мамандықтары бар. Ал инженерлік позициялар бойынша 387 орын ұсынылды.  

А.Мәмбетовтің айтуынша, жыл басынан бері 3330 адам мен 239 жұмыс берушінің қатысуымен 26 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде 592 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

- Жұмысқа орналастыру шаралары жалғасуда. Бұдан басқа, жәрмеңке барысында барлық адамға кеңес беріліп, жұмыспен қамту саласында енгізілген өзгерістермен, әлеуметтік қолдау шараларымен таныстырылды. Жыл аяғына дейін тағы да он жәрмеңке өткізу жоспарда бар. Бос жұмыс орындарын «Электронды еңбек биржасы» порталынан қарап, электронды нұсқада түйіндемесін қалдыруға болады, – деді А.Мәмбетов. 

Осы жылдың 1 қыркүйегіндегі статистика бойынша, Атырау облысында 13 660 жұмыссыз адам тіркелген.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

ӨКҚ ұсынған сурет

15 қыркүйек 2022, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.