Атырау, 29 қараша 09:41
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының студенттері екі ЖОО-ға бөлінді

1 251 просмотра

Бұл ретте оқу құны студенттер үшін бұрынғы деңгейде сақталады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Әңгіме осы жылдың 5 сәуірінде лицензиясынан айырылған Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының 1640 студенті туралы болып отыр. Оның 417-сі Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде, 1223-і С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде оқуын жалғастырады. - «Білім туралы» ҚР Заңының 42-бабы 2-тармағына сәйкес, білім беру ұйымы лицензиясынан айырылған жағдайда, оның құрылтайшысы білім алушыларды оқуын жалғастыру үшін басқа білім беру ұйымдарына ауыстыру бойынша шаралар қабылдайды, - деп хабарлады Атырау облысы білім басқармасы.

Сондай-ақ, басқа ЖОО-ға ауысқан кезде студенттердің бейіні мен мамандығы бұрынғы білім беру орнына сәйкес келуі тиіс екені айтылды. Студенттердің құқығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, осы оқу жылында оқу құны бұрынғы деңгейде сақталатын болады. 

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты студенттерді 18 мамандық бойынша оқыттып жатты. Профессор-оқытушылар құрамы 87 педагогтен құралды.

ЖОО студенттерін бөлу мәселелері бойынша студенттердің ата-анасына арналған «жедел желі»: + 77013432729, +7 707 423 8494 нөмірлері жұмыс істеуде.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

28 қыркүйек 2022, 18:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.