Атырау, 21 желтоқсан 23:11
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Шетелдік компаниялар енді GOOGLE үшін салық төлейді

1 089 рет қаралды

Жыл басынан бері интернетте қызмет көрсететін шетелдік компаниялар, сондай-ақ интернет арқылы жеке тұлғаларға тауар сататын шетелдік сауда алаңдары (маркетплейстер) қосылған құн салығын немесе GOOGLE салығын төлеуі керек. Бұл туралы Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.

GOOGLE салығын төлейтін шетелдік компания үшін тіркеу талаптары жеңілдетілген. Тіркеу есебіне тұру үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне хат жіберу керек, осылайша шартты тіркеуден өтеді.

Қазақстанда жыл басынан бері 37 шетелдік компания, соның ішінде Apple, Meta, Google, Ebay, Amazon және басқа да көптеген әлемдік компаниялар шартты тіркеуден өтті. Олар 6,1 млрд теңге сомасында салық төледі, - деп хабарлайды департамент. 

Ең ірі салық сомаларын Ирландияның резиденттері болып табылатын «Meta Platforms Ireland Limited» (1,6 млрд теңге) және «Apple Distribution International Limited » (1,1 млрд теңге), сондай-ақ АҚШ резиденті «ООО iHerb» (1,4 млрд теңге) төлеген.  

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

15 қыркүйек 2022, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.