Атырау, 29 қараша 08:56
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Үш ықшамауданда ипотекаға үй салынып жатыр

851 просмотра
Көрнекі сурет

Атырауда келесі жылы Талғайраң ауылы, Береке, Самал ықшам аудандарында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық ТКШ бөлімінің тұрғын үй секторының меңгерушісі Рафхат ЖОЛДИЕВ брифингте хабарлады.

Оның айтуынша биыл мемлекеттен дайын тұрғын үйдің болмауына байланысты ешкімге пәтер берілген жоқ. Реновацияға жататын қаладағы 86 көпқабатты ескі тұрғын үй жеке кәсіпкерлерге ұсынылған. Енді олар тұрғындармен келісу керек. Нәтижесі туралы қосымша хабарланады. 

"Былтыр кзекте тұрған 133 отбасы баспаналы болды, ал 645 отбасы "Шаңырақ" несие бағдарламасы арқылы Береке ықшамауданынан пәтер алды. Биыл Талғайраң ауылы, Самал, Береке ықшамаудандарында "Атырау жастары" несие бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр, - деді Р.Жолдиев. - Қазір осы бағдарламаның тәртібі жасақталып жатыр, оның талабы әлеуметтік желіде жарияланады". 

Айнұр САПАРОВА

6 қазан 2022, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.