Атырау, 29 қараша 09:39
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Каспий жағалауындағы дала өртінің «Ақжайық» резерватына қатысы жоқ

901 просмотра

Бұл туралы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Нұрболат Каримов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Резерват аумағының көп бөлігі сулы-батпақты, оның үстіне, өрт өршіп, түтін күшейіп кеткен. Сондықтан кешкі уақытта «Ғарыш сапары» ұлттық компаниясы жер серігі арқылы өрттің нақты аумағын анықтай алмады. Соған байланысты алғашқыда дала өрті резерват аумағына таралғаны жөнінде теріс ақпарат берілген. Алайда келесі күні Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлесіп, жер серігімен өрт аумағы тексерілді. Өрттің резерват аумағына таралмағаны анықталды, - деп атап өтті Каримов. Оның айтуынша, 16-23 қыркүйек күндері аралығындағы жер серігінің топографиялық түсірілімінде резерват аумағында өрт белгілері болмаған.

Еске салсақ, 20 қыркүйекте Тасқала елді мекенінен Каспий теңізіне қарай 40 шақырым жерде қураған қамыс жанып, өрт шыққан болатын. Өрт сөндіруге резерваттың 30 қызметкері, 2 жеңіл өрт сөндіру автокөлігі, төрт мотопомпа жұмылдырылған.

Дайындаған Айнұр  САПАРОВА

27 қыркүйек 2022, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.