Атырау, 23 желтоқсан 12:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«ҚТЖ ҰК» АҚ филиалы – «Атырау магистральдық желі бөлімшесінің» директоры ұсталды

1 772 просмотра

«Қазақстан Теміржолы» Ұлттық компаниясы» АҚ филиалының директоры Елеубай САПАРОВҚА қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ол өзінің қызметтік бабын пайдаланып, алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы кәсіпкердің 1 500 000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденді деген күдікке ілінді.

Бұл туралы "Атамекен ҰКП" филиалының алаңында кәсіпкерлермен кездесу барысында Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрлан ЖАХИН мәлімдеді.

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) күдіктінің қандай баппен және қашан ұсталғаны туралы хабарламайды. Бірақ Е.Сапаровтың алаяқтық жасағанын және 22 қыркүйекте Атырау қалалық тергеу соты оған қатысты «қамауға алу» бұлтартпау шарасын таңдағанын айтады. ҚР ҚПК-нің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді

- Бізде ҚТЖ қызметінде бірқатар проблемалар бар. Көптеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Мәселен, «ҚазТемірТранс» филиалының диспетчерлері мен басшыларының өтінімді қарауы және «Жүк тасымалдары» ҚТЖ филиалына өтінімді жолдауы сияқты маңызды кезеңдер ККЖ АБЖ-да («ҚТЖ» ҰК» АҚ қазақстандық ұлттық тасымалдаушысының келісімшарттық және коммерциялық жұмысын автоматтандырылған басқару жүйесі – А.С. ескертпесі) автоматтандырылмағандығы анықталды.

ҚТЖ тауар кассасы кәсіпкердің өтінімін алғаннан кейін «ҚазТемірТранс» диспетчеріне өтінімнің бар екендігі туралы ККЖ АБЖ арқылы емес, электрондық пошта арқылы хабарлайды. Әрі қарай вагондарды кімге тез беру керек, ал кімге бермеу керектігі - келісу және мәселені шешу жүргізіледі. Кәсіпкерлер бір уақытта өтініш беріп, вагондарды әр түрлі уақытта, біреулері бір күн ішінде, біреулері бірнеше күннен кейін алған фактілер бар, - дейді Жахин.

Сондай-ақ, ол кәсіпкерлерден түскен барлық мәселе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға негіз болатынын атап өтті.

- Сондай-ақ, Е. Сапаровтың құқыққа қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардан Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) хабарлауды сұраймыз: 8 (7122) 71-75-07, +7 (702) 609-68-49, - деді Жахин.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

19 қазан 2022, 23:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.