Атырау, 28 наурыз 15:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Бастапқыда ШРК асып кетті, кейін өзгерді

1 454 просмотра

“АЖ” 20 қыркүйекте Кеңөзек ауылдық округіне қарасты Тасқала ауылынан 40 шақырым жерде шыққан өрт түтіні қаланы басқан соң Атырау облысы бойынша экология департаментіне ауа сапасының жағдайы бойынша сауал жолдады. Сол күні кешке бізге зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары тексеруге шыққаны, нәтижесі кейін шығатыны хабарланды.

Тасқала ауылдық округінен теңізге қарай шамамен 35-40 км жерде атмосфералық ауадан сынама алынған. Нәтижесінде ауада көміртегі оксидінің ШРК (шекті рұқсат етілген концентрация) нормадан асып кеткені байқалған (7.43 мг/м3, ал норма 5 мг/м3).

Ал, 21 қыркүйекте тағы да Тасқала ауылдық округінен, Балауса және Самал ықшам аудандарынан атмосфералық ауадан сынама алынған. 

- Нәтижесінде зиянды заттардың нормативтен асу фактісі тіркелген жоқ, - деп хабарлады департамент. - Сондай-ақ, әлеуметтік желіде қамыстың жануын пайдаланып, АМӨЗ шығарындыларын шығарып жатыр деген мәлімет жарияланып жатыр. Алайда қала ішінде жүргізілген мониторинг нәтижесінде сынамалар нормадан асу дерегін көрсеткен жоқ. Сондай ақ, қала аумағында орналасқан автоматты ауа сапасына мониторинг жүргізу бекеттерінің көрсеткіштеріне талдау жүргізіліп жатыр. Бүгінде жоғары ластану фактісі орын алған жоқ. АМӨЗ-дің санитариялық-қорғау аумағының сыртынан ауа сапасына мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасып жатыр.

Айнұр САПАРОВА

23 қыркүйек 2022, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.