«Бекіре-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасының күзгі кезеңіндегі 17 күн ішінде 102 құқық бұзу дерегі тіркелді. Бұл туралы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Нұрлыбек ӨТЕНИЯЗОВ мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Оның ішінде 97 дерек балық аулау ережесін бұзу болса, 1 дерек балық өнімдерін сату, ал 4 дерек балық өнімдерін тасымалдау болып отыр. 358 кг балық (оның ішінде 134 кг бекіре тұқымдас балық) пен 74 балық аулау құралы тәркіленген. 97 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
«Бекіре-2022» күзгі кезеңі 10 қыркүйекте басталды және 31 қазанға дейін жалғасады.
Айнұр САПАРОВА