Атырау, 2 мамыр 08:58
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

«Ақ Жайық» Орталық Азия медиафестивалінде жүлде алды

896 просмотра

8-10 қазан аралығында Алматыда төртінші жыл сайынғы Орталық Азия MediaCAMP Fest өтті. Орталық Азиядағы журналистиканы дамытушы Newreporter сайты («Жаңа репортер») бірқатар қазақстандық БАҚ-ты бірнеше номинация бойынша марапаттады – олардың қатарында біздің «Ақ Жайық» та бар.

«АЖ» Украинадағы соғыс туралы ақпаратқа шолу жасағаны үшін «Үздік ақпарат лентасы» номинациясында марапатқа ие болды. Веб-редакторымыз Сәуле ТАСБОЛАТОВА соғыс басталғалы бері осы оқиғаларды түрлі дереккөздерді пайдалана отырып, тыңғылықты жариялап келеді.

«Ақ Жайық» газетінің тілшісі Айнұр САПАРОВА медиасын бағытындағы «Жаңа репортер» бас редакторы Анна ШАБАЛДИНАНЫҢ қолынан диплом алып, ұжым атынан ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, өзге де медиа бағытындағы жеңімпаздарды құттықтады.

11 қазан 2022, 13:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.