Атырау, 4 қазан 20:21
 ашықВ Атырау +11
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

АМӨЗ-ден дизель отынын ұрлау әрекетінің жолы кесілді

1 402 просмотра

10 қыркүйекте Атырау мұнай өңдеу зауытының корпоративтік қауіпсіздік бөлімі зауыт аумағынан мұнай өнімдерін автокөлікпен алып шықпақ болғандарды тоқтатты. 

Бұл туралы бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

- Көлік тізгінінде көлік қызметін көрсететін мердігер ұйымның жүргізушісі болғаны анықталды. Ауысым аяқталғаннан кейін жүргізуші «АМӨЗ» ЖШС аумағынан растайтын құжатсыз 5 текше метр дизель отынын Атыраудағы жеке тұлғаларға сату үшін шығармақ болған, - деп хабарлайды баспасөз қызметі.   Материалдар Атырау қалалық полиция басқармасына берілді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өнімдерін өндіру және жөнелту мәселелері компания басшылығының тұрақты бақылауында екенін қаперге береді. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

16 қыркүйек 2022, 20:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.