Атырау, 10 ақпан 06:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Жатақханамыз күреле ме?

- Біздің жатақханамыз Химпоселкеде Сырдария көшесі, 5 үйде орналасқан. Ғимарат апатты жағдайда: шатырдан су ағады, орталық газ құбыры тартылмаған, су жоқ, жылу мен электр энергиясында  үнемі іркіліс. Мұндай жағдайларда онда өмір сүру әрине, мүмкін емес, сондықтан да біз жатақханамыздың тағдырын білейік деген едік – ол күреле ме, әлде оны  күрделі жөндеуден өткізе ме? 20 маусым 2012, 19:30 1 838 рет қаралды
Жатақханаға жәрдемдесіңіз! Сұрақ-жауап

Жатақханаға жәрдемдесіңіз!

- Досмұхамбетов көшесіндегі біздің №15 үй 1956 жылы салынған. Ағаш тастамалары мен шатыры әбден тозған, кез-келген уақытта опырылып түсуі мүмкін. Үйде канализация жоқ, соның салдарынан үнемі жағымсыз иіс шығып тұрады. Барлық жер ылғал тартып кеткен, санитарлық талаптарға сай келмейді. Газ бен су тартылмаған. Электр желілері қалай болса солай ашық күйде тартылған, кез-келген сәтте өрттің шығу қаупі бар. Біз «Нұр Отан» ХДП-ға, қаланың бұрынғы әкімі Мереке ЕСМҰРАТОВҚА шағымдандық, облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВТІҢ  блогына жаздық. Еліміздің президентіне жолдаған хатымыз «Ақ Орда» сайтында жарияланды. 2010 жылдың 11 мамырында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы үйді тексеруден өткізіп, мынадай қорытындыға келді... 13 маусым 2012, 18:21 2 162 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ипотеканың азабы

Екінші деңгейлі банктердің бірінің заңгері менің берген сауалыма түсінік берді («Ақ Жайық» » №20, 17. 05. 2012 жыл., «Банктің өз талабы бар»). Заңгер ипотеканы соттан тыс тәртіп бойынша жүзеге асыру сенімді тұлғалар ұйымдастырған кепілдікке салынған мүліктерге саттық өткізу жолымен жүргізуге болатындығын көрсетіп отыр. Бірақ, ол ипотеканы соттан тыс тәртіп бойынша жүзеге асыруда банк құқығының қалай болатындығын және бұл құқықты олар қандай жағдайларда  қолданатындығын айтып отырған жоқ... 13 маусым 2012, 18:23 2 612 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мүдделердің тоғысуы

- Мен жол-көлік оқиғасының жәбірленуші  тарапынан болдым. Сақтандыру компаниясы маған сақтандыру төлемін жол-көлік оқиғасына  кінәлі адамның сақтандыру полисін  алмағанын және оның автокөлікті сенімхатпен жүргізгендігін сылтау етіп төлеуден бас тартып отыр. ЖКО-на кінәлі адамнан материалдық залалды өтеу  жөніндегі талап арызбен мен азаматтық сотқа шағымдандым. Сот ісі сақтандыру компаниясының  заңгерінің сотқа келмеуі салдарынан үнемі кейінге қалдырылып келеді. Бұл жағдайда маған қандай әрекет жасау керек? Тағы бір айта кететін жағдай, заңгер кінәлінің сақтандыру полисін алмағандығына менің құжаттарым қаралуға дайын болған кезде ғана назар аударды. 13 маусым 2012, 18:24 2 162 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Сақтандыруға сақтықпен қараңыз

– Несиелерді рәсімдеу кезінде банктер сақтандыру компанияларын міндеттеп таңып қояды. Клиент ретінде неліктен сақтандыру компаниясын өзім таңдай алмаймын? Өйткені олардың шарттары, нақтырақ айтқанда, қызмет  құны кейде әжептәуір ерекшеленеді. Қанша дегенмен оны төлейтін мен ғой. 6 маусым 2012, 17:44 2 528 рет қаралды
Сізге сайт көмектеседі Сұрақ-жауап

Сізге сайт көмектеседі

– Жақында маған жол қозғалысы ережесін бұзғаным үшін айыппұл салды. Барлық қағаздар рәсімделгеннен соң полицей айыппұлды банкке төлеп, түбіртегін ЖПБ ғимаратының 25-ші кабинетіне әкелуім керектігін айтты. Олай етпеген  жағдайда айыппұл  төленбеген болып қала береді екен.  Бұл адамды әуреге салу ғой. Халықты бұлайша қағазбастылықпен қинағаннан гөрі, мұны реттеудің, мәселен, электронды пошта арқылы немесе басқа да тәсілдермен төлем жасатудың жолдарын табуға болмай ма? 6 маусым 2012, 17:46 2 108 рет қаралды
Әттеген-айы көп әткеншек Сұрақ-жауап

Әттеген-айы көп әткеншек

- Біз тұратын Лесхоз ықшам ауданындағы 40-шы үйдің ауласына  қыстың күні балалар алаңын орнатқан еді. Алайда, темір әткеншектің   қазығына цементті желтоқсанда құйғаннан ба, бетон өте сапасыз болып шықты. Қазір жан-жаққа жарылып, бөлініп қалды. Ал, әткеншектің өзі бір жағына қарай қисайып жатыр. Оны қайта монтаждаумен кім айналыспақ? 6 маусым 2012, 17:47 4 331 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Арнайы аймақтың талабы қатал

– Қарабатан кен орыны аумағында арнайы экономикалық аймақ ретінде полиэтилен және  полипропилен өндірісі бойынша газ-химия кешені құрылғаны мәлім. Менің білуімше, осы аймақта жұмыс жасайтын  барлық кәсіпорындар кеден  заңдылықтары бойынша нақты бір жеңілдіктерге ие. Біздің кәсіпорынымыз да газ-химиялық кешені серіктестерінің қатарына енгісі келеді. Ол үшін  үміткерлерге қандай талаптар қойылатынын және қандай жеңілдіктерге үміт артуға болатынын білсем деймін. 6 маусым 2012, 17:48 2 389 рет қаралды
Таң қалдырған телефон Сұрақ-жауап

Таң қалдырған телефон

– Менің үй телефоным «нөмірді анықтау» қызметіне қосылған  еді. Соңғы кездері бір таң қалатындай жайтты байқадым. Телефон қоңырауы келген кезде анықтауышта  менің өз нөмірім  шығып тұрады. Қоңырауға жауап берген уақытта тұтқада музыка ойнайды. Бұл нені білдіреді? Бәлкім, бұл телефон алаяқтары немесе интернет–қоңыраулар шығар? 6 маусым 2012, 17:50 2 100 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Әкім қашан қабылдайды?

– Біз облыс әкімінің кеңсесіне хабарласа алмай отырмыз. Ондағы 35-45-51 және 27-09-53 телефондары жауап бермейді. Мен әкімдікке хатты осыдан бір ай бұрын жолдаған едім, әлі күнге жауап жоқ. Облыс әкімінің қабылдауына қалай жазылуға болады? 6 маусым 2012, 17:52 2 124 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Пәтер иесіз қалмасын

- Жақында пәтерімізге 5-қабатта тұратын көршілерімізден су кетті. Сол кезде олар үйлерінде болмаған еді. Тұрба бойындағы бүкіл суды тоқтатып тастауға тура келді, нәтижесінде подъезд тұрғындары сусыз қалды. Содан бері бірнеше күн өтті, бірақ көршілеріміз ақыры келмеді, телефон қоңырауына да жауап берген жоқ, шамасы демалуға кеткен болса керек. Олардың қашан келетіні белгісіз, мүмкін бүкіл жаз бойына болмайтын шығар. Енді шынымен де біздің подъезд үнемі сусыз отырмақ па? Көп су кеткен немесе басқа да оқыс жағдай болғанда, төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет өкілдері  немесе учаскелік полицейлер куәгерлердің және ПИК өкілдерінің қатысуымен есікті аша ала ма? Егер аша алса, процедурасы қандай, егер болмаса, неліктен жоқ? 30 мамыр 2012, 17:29 2 629 рет қаралды
Кім жылдам? Сұрақ-жауап

Кім жылдам?

- Жол қозғалысы ережесіне енгізілген өзгерістердің, оның ішінде жүргізушілердің жаяу жүргіншілерді өткізу міндетіне қатысты мәселенің күшіне енгендігі туралы естідім. Бізде бұрын қозғалыстың қарсы жақ бетінен жүргінші жолды кесіп өтуге енді ұмтылған кезде тоқтауды талап еткен инспекторлармен дау-дамайлар  жиі туындап отыратын. Бұл ақылға сыйымсыз талап заң бойынша алынып тасталды ма?  30 мамыр 2012, 17:31 2 971 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Тағы да тариф туралы

- Энергожабдықтау ұйымдарының дифференциалды ережесінде электр энергиясының тәулік аймағы тарифтері бойынша және оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне байланысты «электр плитасын қолданбайтын жасына қарай жалғыз басты зейнеткерлер, мүгедектер, Отан соғысына қатысушылар және оған теңестірілген тұлғалар» деген санат бар. Бұл санаттағылар үшін жекеленген тарифтер ұсынылады. Мен өзімнің электр энергиясы үшін ақы төлейтін учаскемде осы санатқа кімдер жататындығын білгім келген, алайда, ондағылар маған әзірге ол туралы ешқандай түсініктер берілмегендігін айтты. Мен зейнеткермін, қызымның атындағы пәтерге тіркеліп, тұрып жатырмын, мен осы жеңілдікті пайдалана алам ба? 30 мамыр 2012, 17:32 2 544 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Аула көлік тұрағына айналды

- Азаттық даңғылы бойындағы 5 А және 5 Б үйлерінің жанында мұнай және газ институты, Аджип, сондай-ақ, бірнеше мейрамханалар  мен кафе ғимараттары орналасқан. Күн сайын осы мекеме қызметкерлерінің және сол жерге келушілердің көлігі біздің ауламызда толып кетеді. Тіпті кейбіреулер  көліктерін балалар алаңына да қояды. Бұл мәселені қалай шешсек екен? 30 мамыр 2012, 17:34 1 965 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Төлемдер атаулы күндерде беріледі

- Мен ІІ- топ мүгедегімін, 9 мамырға бізге төлемдер беріледі дегенді естідім. Алайда, оны әзірге кімнің төлейтіндігі  белгісіз. Қалалық әлеуметтік қамту бөліміне, мүгедектер қоғамына хабарластық, бірақ олар ештеңе білмейтін болып  шықты. Бізге ақшаны қашан береді? 23 мамыр 2012, 19:17 2 000 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Балалардың жұмыс сағаты шектеулі

- 16 жастағы ұлым каникул кезінде тиын-тебен тапқысы келеді. Бірақ оны жұмысқа тек даяшы немесе қарауыл ретінде ғана алады. Екеуі де кешкі немесе түнгі уақыттағы жұмыстар. Бұл мезгілде жасөспірімдерге жұмыс істеуге болмайды деп естідім. Ал жалпы оларға қашан және неше сағат жұмыс жасауға болады? 23 мамыр 2012, 19:18 4 610 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Дәрігердің қателігі

- Онкологиялық науқастардың ауруды басатын  Трамадол дәрісін тегін ала алатындығы рас па? Егер солай болса, неге біз құны арзан емес бұл дәріні жарты жыл бойына сатып алып жүрміз? Тұрғылықты мекен-жайымыз бойынша тіркелген емхананамыз беретін рецепте ешқашан дәрінің дәл дозасын көрсетіп жазбайды. Оны өз бетімізше есептеп алуға тура  келеді. 23 мамыр 2012, 19:19 2 220 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Бұл қалай болғаны?

- Қаладағы танымал туристік компаниялардың бірінен Түркияға жолдама алған едік. Құнын толық төлеп болғаннан кейін қолымызға ваучер берді. Келісім-шарт бойынша Түркияда 11 күн мен 10 түн, яғни, 2012 жылдың 16 мамырынан 26-на дейін болуға тиіс едік. Алайда ваучер мен әуе билетін мұқият қарап шыққан соң, отельден бір тәулік бұрын кетуіміз керек екендігін анықтадым. Өйткені әуе билетіне 25-мамырға тапсырыс беріліпті. Туристік фирмаға хабарласқанымызбен, көкейге қонымды жауап ала алмадық. Мұндай жағдайда қандай амал жасауға болады? 23 мамыр 2012, 19:21 2 177 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Есеп айырысуға - үш күн

- Осыдан бір апта бұрын мен жаңа қызметке орналасуыма байланысты жұмысымнан шығып кеттім. Бұрынғы жұмыс берушім мені жібергісі келмеді, сондай-ақ, менің  есеп айырысу бойынша алатын ақшамды есепшінің келіп-кетіп істейтіндігін сылтау етіп төлемей отыр. Яғни, есеп айырысу ақшамды қызметкерлер жалақы алған кезде, келесі айдың басында аласың деп отыр. Заң бойынша жұмыс беруші қызметкердің есеп айырысу бойынша берілетін ақшасын қандай уақыт ішінде есептеп беруге міндетті? 23 мамыр 2012, 19:21 2 289 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Коллектордан қорлық көрдік

- Бірнеше жылдан бері біздер тұратын Авангард-4 ықшам ауданындағы  №9, 10, 12 және 13 үйлердің жертөлелері үнемі суға толып қалады. Біз сан мәрте өзіміздің ММ-19 ПИК-не жолыққанымызбен, төраға бұл проблеманың   2003 жылы біздің ауданды асфальттау кезінде бүлінген орталық коллектордың  ақаулығынан туындап отыр дейді. Суға толған жертөлелердің салдарынан подъездер масаға толды, жағымсыз иіс, жазды күндері үйде де, үй маңында да отыру мүмкін емес. Атырау су арнасы өз коллекторын қашан жөндейді? 23 мамыр 2012, 19:23 1 986 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Банктің өз талабы бар

Екінші деңгейлі банктер мен кредиторлар арасындағы өзара қарым-қатынас тақырыбындағы радио хабарларының бірінде банктің ипотеканы жүзеге асыру тәртібі туралы әңгіме қозғалды. Меніңше, хабардың негізгі бөлігі «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» ҚР Заңына (әрі қарай «Ипотека туралы заң») сай келмейді. Яғни, Қазақстан халқына нақты ақпарат берілген жоқ. 16 мамыр 2012, 21:38 2 365 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Атыраудағы үйлер сапалы ма?

- Менің қалалық билікке бірнеше сұрағым бар. 1. Авангард 4-ықшам ауданындағы №1 мектеп-интернаттың жанына гүл бағы салынды, ал оған Жеңіс бағы жақтан ғана кіруге болады. Кіретін жерді Владимирский көшесі жақтан ашуға болмай ма? 2. Өткен жылы жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде Огородный көшесінің маңы да бар. Ал обамен күрес стансасының маңындағы өзеннің қарама-қарсы бетіндегі жыл сайын мүжілетін жағасына нығайту жұмыстары жүргізілген жоқ. Жұмыстар қашан жасалады? 16 мамыр 2012, 21:40 1 952 рет қаралды
Базаны жаңартыңыз Сұрақ-жауап

Базаны жаңартыңыз

- Күйеуім қайтыс болғаннан кейін пәтерді өз атыма қайта рәсімдеп алған едім. Барлық коммуналдық қызметтер түбіртектерді менің атыма жібереді, ал үй кітабын апарсам да жылу қызметкерлерінен түбіртек бұрынғыша күйеуімнің атына келеді. Шынымды айтсам, олардан түбіртектер алу маған моралдық тұрғыда ауыр тиеді. Неліктен олар түбіртектегі мәліметті өзгертпейді? 16 мамыр 2012, 21:42 2 132 рет қаралды
Кешіксең – ұша алмайсың Сұрақ-жауап

Кешіксең – ұша алмайсың

- Жұбайым Алматыдан бір айлық сәбиімізбен ұшып шықпақ болып еді, бірақ оны жолаушыларды отырғызу аяқталды деп, тіркеу бағанына өткізбеді. Одан басқа тағы он адамды өткізбепті. Бірақ олардың ішіндегі шетелдік азамат өтіп кетті. Айтыңыздаршы, шетелдіктердің қандай айрықша құқықтары бар? Ұшу алдындағы тіркеу қай уақытта аяқталады? 16 мамыр 2012, 21:44 2 631 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Учаскені сатып ал

- 1994 жылы маған бизнес жасау үшін Құлсарыдан жер учаскесін жалға берген еді. Жалға беру мерзімі 49 жыл. Барлық қажетті құжаттар қолымда. Қазір ұлдарымның атына құжаттарды қайта рәсімдеп, сол жерден жеке үй салғым  келеді. Учаскенің мақсатын қалай өзгерте аламын? 16 мамыр 2012, 21:46 2 450 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мұражайға барғымыз келеді

- Біз балам екеуміз бірнеше рет Жилгородоктағы палеонтологиялық мұражайға барғанбыз, алайда, ол қашан барсақ та жабық. Анықтамалық телефон қызметінде  бұл мұражай туралы ешқандай мәліметтер жоқ екендігін  айтады. Мұражайдың телефоны мен жұмыс істеу кестесін қалай табуға болады? 9 мамыр 2012, 15:53 2 272 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мектептегі мәселе

- Мектеп әкімшілігі – директор мен оқу ісінің меңгерушісі өздеріне ауысқан сағаттардың (уақытша жұмыста жоқ педагогтың орнына жұмыс істеу) көп бөлігін алуға құқылы  ма? Қандай да бір шектеулер бар ма? Олар көбіне сырқаттануына байланысты күн алғандардың орнына, басқа мұғалімдердің қалуына мүмкіндік бермей өздері қалады. 9 мамыр 2012, 15:54 2 348 рет қаралды