Атырау, 25 сәуір 20:29
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Оқу ақысы неге қымбаттай береді?

1 729 просмотра

- Атырау мұнай және газ институтында оқу ақысы жыл сайын неліктен 50 мың теңгеге дейін өсіп кетеді?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау мұнай және газ институтының бас есепшісі Гайнель МҰХАМБЕТҚАЛИЕВА жауап береді:

- Бізде студент пен оқу орны арасындағы келісім-шарт бірден 4 жылға толтырылады. Бірақ, ҚР «Білім туралы заңына» сәйкес, білім алушы шарт жасасу кезінде 4 жыл оқу кезеңінің ақысын бір мезгілде төлеген жағдайда, төлем сомасы оқу мерзімі аяқталғанға дейін өзгермейтін болады. Ал егер ол студент оқуын аяқтамай қалған жағдайда, қалған ақшасы өзіне кері қайтарылады.

Оқуға төлемді кезең-кезеңімен төлеген ретте төлем сомасы жалақының ұлғаюы жағдайында және инфляция индексі ескеріле отырып, жылына бір рет қана өзгертілуі мүмкін.

23 мамыр 2012, 19:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.