– Менің үй телефоным «нөмірді анықтау» қызметіне қосылған еді. Соңғы кездері бір таң қалатындай жайтты байқадым. Телефон қоңырауы келген кезде анықтауышта менің өз нөмірім шығып тұрады. Қоңырауға жауап берген уақытта тұтқада музыка ойнайды. Бұл нені білдіреді? Бәлкім, бұл телефон алаяқтары немесе интернет–қоңыраулар шығар?
Телефон арқылы
Сауалға «Қазақтелеком» АҚ Атырау ОТД-ның БАҚ-пен және корпоративті порталмен жұмыс жөніндегі маманы Жанар БЛЯЛОВА жауап береді:
– Иә, шынында да 17 мамыр күні телекоммуникациялық жабдықтардың жұмысында техникалық ақаулар орын алды. Тексеру жұмыстары мұқият жүргізіліп, ақаудың себептері анықталды. Олар жедел түрде жойылды. Абоненттерге бұл кезең үшін қандай да бір қосымша есептеулер жүргізілген жоқ.