- Азаттық даңғылы бойындағы 5 А және 5 Б үйлерінің жанында мұнай және газ институты, Аджип, сондай-ақ, бірнеше мейрамханалар мен кафе ғимараттары орналасқан. Күн сайын осы мекеме қызметкерлерінің және сол жерге келушілердің көлігі біздің ауламызда толып кетеді. Тіпті кейбіреулер көліктерін балалар алаңына да қояды. Бұл мәселені қалай шешсек екен?
Телефон арқылы
Жол полициясы басқармасындағылар осы мекен-жайдағы тұрғындардың проблемасынан хабардар екен.
- Жол полициясы күн сайын жұмыстар жүргізіп, осы ауданда тұратын көлік құралдарының қожайындарымен кездесу өткізіп тұрады. Мұнай және газ, Аджип ККО, Уорли Парсонс өкілдерімен және қоғамдық тамақтану орындарының қожайындарымен кездесу болып өтті, – деп хабарлады ІІД ЖПБ бастығы Берік АМАНГЕЛДІ. – Көлік қою ережесін бұзған жүргізушілерге қатысты күн сайын 10 шақты әкімшілік хаттамалар толтырылады. Патрульдік жұмыстар да жалғастырылатын болады. Көлік құралдарын қою ережелері бұзылған жағдайда, ІІД ЖПБ-ның кезекші бөліміне 30-10-21, 98-17-02 телефондары бойынша хабарласуды сұраймыз.