Атырау, 31 қазан 12:54
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Бұл қалай болғаны?

1 920 просмотра

- Қаладағы танымал туристік компаниялардың бірінен Түркияға жолдама алған едік. Құнын толық төлеп болғаннан кейін қолымызға ваучер берді. Келісім-шарт бойынша Түркияда 11 күн мен 10 түн, яғни, 2012 жылдың 16 мамырынан 26-на дейін болуға тиіс едік. Алайда ваучер мен әуе билетін мұқият қарап шыққан соң, отельден бір тәулік бұрын кетуіміз керек екендігін анықтадым. Өйткені әуе билетіне 25-мамырға тапсырыс беріліпті. Туристік фирмаға хабарласқанымызбен, көкейге қонымды жауап ала алмадық. Мұндай жағдайда қандай амал жасауға болады?

azh.kz сайтынан

Сұраққа «Слово защиты» адвокаттық кеңсесінің заңгері Аслан ЖОЛБОЛОВ жауап береді:

- Туристік компанияның әрекеті қызмет тұтынушының құқығын бұзып қана қоймай, азаматтық құқық нормаларына да нұқсан келтіріп отыр. Туристік қызмет көрсету келісім-шарты жазбаша түрде жасалады және ҚР заңнамасына сай келуі тиіс. Саяхаттың басталу уақыты, күні және аяқталуы, сондай-ақ, туристік өнім бағасы мен оны төлеу тәртібі осы келісім-шарттың маңызды шартына жатады (ҚР туристік қызмет туралы заңның 17-бабы - әрі қарай заң). Алынған туристік ваучер туристтiң тур барысында көрсе-тілетін тиiстi қызмет көрсетудi пайдалану құқығын және олардың төленгендігін растайтын құжат болып табылады. Яғни, туристік қызмет көрсетуге келісім-шарт жасаған туристік компания қызмет көрсету келісім-шартында көзделген көлемде және шарт бойынша тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті қызмет көрсету міндетін өз мойнына алады.

ҚР Азаматтық Кодексінің 272-бабына сәйкес, кез-келген мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс. Соған орай, туристік компания сізге келісім-шартта айтылған көлемде және шарт бойынша демалысыңызды қамтамасыз етуге міндетті.

Сіздің туристік компаниядан жолдама құнын лайықты дәрежеде азайтуды талап етуге толықтай құқығыңыз бар. Ал ол сіздің талабыңызды қанағаттандыруға міндетті. Алдымен туристік компания тарапына тиісті талаппен шыққан жөн. Егер одан бас тартса немесе жауап беруден жалтаратын болса, мемлекеттік бақылаушы және қадағалаушы органдарға осы туристік компанияның әрекетіне/әрекетсіздігіне қатысты шағымдана аласыз. Оларға Атырау облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы немесе жоғарғы сатыдағы министрлік пен прокуратура жатады.

23 мамыр 2012, 19:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.