– Біз Азаттық даңғылы бойындағы №15 үйде тұрамыз. Ауладағы жасыл желекті Жайықтан тікелей тұрбалар арқылы суарсақ деп едік. Ол мүмкін бе?
Телефон арқылы
«АтырауЗеленстрой» ЖШС директорының орынбасары Геннадий ЦОЙ жауап береді:
– Сізге Құрманғазы көшесі, 9 үйде орналасқан біздің кеңсемізге келіп жолығуыңызға немесе 26-23-79 телефоны бойынша хабарласуыңызға болады. Онда сізге суару құбырына қалай қосуға болатындығын түсіндіріп береді. Алайда, сіз су есептегішті сатып алуға және сол бойынша судың әрбір текше метрі үшін төлеуге тиісті екендігіңізді ұмытпаңыз.