Атырау, 13 желтоқсан 04:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

Жатақханаға жәрдемдесіңіз!

2 007 просмотра

- Досмұхамбетов көшесіндегі біздің №15 үй 1956 жылы салынған. Ағаш тастамалары мен шатыры әбден тозған, кез-келген уақытта опырылып түсуі мүмкін. Үйде канализация жоқ, соның салдарынан үнемі жағымсыз иіс шығып тұрады. Барлық жер ылғал тартып кеткен, санитарлық талаптарға сай келмейді. Газ бен су тартылмаған. Электр желілері қалай болса солай ашық күйде тартылған, кез-келген сәтте өрттің шығу қаупі бар. Біз «Нұр Отан» ХДП-ға, қаланың бұрынғы әкімі Мереке ЕСМҰРАТОВҚА шағымдандық, облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВТІҢ  блогына жаздық. Еліміздің президентіне жолдаған хатымыз «Ақ Орда» сайтында жарияланды. 2010 жылдың 11 мамырында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы үйді тексеруден өткізіп, мынадай қорытындыға келді. Одан әрі тұрғын үй ғимараты пайдалануға жатпайды, апатты деп танылды. Өткен жылдың мамыр айында қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВ 2011 жылдың қараша айында біздерді басқа үйге көшіреміз деп уәде еткен еді. Алайда, қазір қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміндегілер бізге үйдің іргетасының әлі де мықты  және өз қолдарында сәулет-құрылыс бақылау басқармасы қызметкерлерінің берген қорытындысының жоқ екендігін айтады.

Досмұхамбетов көшесіндегі №15 

үйдің тұрғындары (барлығы 24 адамның қолы)

Қала әкімінің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢайтуынша, дәл бүгінгі күні қалалық әкімдікте апатты жатақхананың тұрғындарына беретін пәтер жоқ. Оның үстіне қаланың 13 жатақханасы тұрғындарыныңжағдайын жақсарту мәселесі қала әкімі Асқар КЕРІМОВТІҢ тікелей бақылауында. Жақында ғана қала әкімінің орынбасары Әділбек Нұрлығожиевке барлық жатақханаларды адамдар тұруға жарамдылығын тексеруден өткізу міндеті тапсырылған болатын. Сондай-ақ,  қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне жеке тұрғын үй салып алам деген жатақхана тұрғындарына жер учаскелерін беру тапсырылды. Канализациясы жоқ жатақханалар тексеріліп, мүмкіндігіне қарай канализациялық жүйелермен қамтылмақ. Жауапты тұлғалар үстіміздегі жылдың  шілде-тамыз айында жатақхана тұрғындарына қатысты мәселелер бойынша есеп беретін болады.

13 маусым 2012, 18:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.