Атырау, 25 сәуір 11:34
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Балалардың жұмыс сағаты шектеулі

4 185 просмотра

- 16 жастағы ұлым каникул кезінде тиын-тебен тапқысы келеді. Бірақ оны жұмысқа тек даяшы немесе қарауыл ретінде ғана алады. Екеуі де кешкі немесе түнгі уақыттағы жұмыстар. Бұл мезгілде жасөспірімдерге жұмыс істеуге болмайды деп естідім. Ал жалпы оларға қашан және неше сағат жұмыс жасауға болады?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облыстық прокурорының көмекшісі Мақсат ЕРМЕКОВ жауап береді:

- ҚР Еңбек Кодексінің 88-бабына сәйкес, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерді түнгі уақыттағы жұмысқа тартуға тыйым салынған. Ал Еңбек Кодексінің 181-бабында он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер үшін жұмыс уақытының ұзақтығы:

1) 14 жастан 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін - аптасына 24 сағаттан аспайтын;

2) 16 жастан 18 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін - аптасына 36 сағаттан аспайтын;

3) білім беру мекемелерінде оқитын және оқу жылы ішінде оқуды жұмыспен қатар алып жүретін 14 жастан 16 жасқа дейінгі оқушыларға - күніне 2,5 сағат, 16 жастан 18 жасқа дейінгі оқушыларға күніне 3,5 сағат жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.

23 мамыр 2012, 19:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.