Атырау, 25 сәуір 05:06
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Жатақханамыз күреле ме?

1 580 просмотра

- Біздің жатақханамыз Химпоселкеде Сырдария көшесі, 5 үйде орналасқан. Ғимарат апатты жағдайда: шатырдан су ағады, орталық газ құбыры тартылмаған, су жоқ, жылу мен электр энергиясында  үнемі іркіліс. Мұндай жағдайларда онда өмір сүру әрине, мүмкін емес, сондықтан да біз жатақханамыздың тағдырын білейік деген едік – ол күреле ме, әлде оны  күрделі жөндеуден өткізе ме?

Телефон арқылы

Сауалға қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА жауап береді:

- Бүгінгі күні қаладағы 13 жатақхананы түгендеу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Қалалық әкімдіктің жанынан арнайы құрылған жұмысшы комиссиясы құжаттармен, ғимараттың жағдайымен, тұрғындардың тізімімен танысып жатыр. Комиссия екі айдың ішінде барлық жатақханаларға қатысты жұмысты аяқтап, есеп беруі тиіс. Комиссия сіздің де жатақханаларыңызды тексеруден өткізуі үшін қалалық ТКШ бөліміне өтініш берулеріңіз керек.

20 маусым 2012, 19:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.