Атырау, 6 қараша 11:18
 дождьВ Атырау +0.1
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53

Бәрі де бақылауға алынған

1 933 рет қаралды

- Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары объектілерді тексеру кезінде қандай құжаттарды көрсетулері тиіс?

Телефон арқылы

Атырау облыстық прокурорының көмекшісі Мақсат ЕРМЕКОВ жауап береді:

- ҚР мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы Заңының 19-бабының 2-тармағына сәйкес, объектіге тексеру үшін келген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары:

1) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркелгені туралы белгі қойылған тексеруді тағайындау туралы актіні;

2) қызметтік куәлігін;

3) қажет болған кезде режимді объектілерге баруға арналған құзыретті органның рұқсатын;

4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен берілген, объектілерге бару үшін қажет болатын медициналық рұқсаттаманы;

5) жоспарлы тексеру кезінде тексеру парағын көрсетуге міндетті.

23 мамыр 2012, 19:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.