Атырау, 18 сәуір 10:04
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Атыраудағы үйлер сапалы ма?

1 557 просмотра

- Менің қалалық билікке бірнеше сұрағым бар. 1. Авангард 4-ықшам ауданындағы №1 мектеп-интернаттың жанына гүл бағы салынды, ал оған Жеңіс бағы жақтан ғана кіруге болады. Кіретін жерді Владимирский көшесі жақтан ашуға болмай ма? 2. Өткен жылы жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде Огородный көшесінің маңы да бар. Ал обамен күрес стансасының маңындағы өзеннің қарама-қарсы бетіндегі жыл сайын мүжілетін жағасына нығайту жұмыстары жүргізілген жоқ. Жұмыстар қашан жасалады? 3. Жақында Қарағандыда мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үй опырылып қалды. Осыған байланысты Атыраудағы жаңа үйлерге, ауруханаларға, мектептерге және т.б. тексеру жүргізіле ме? 4. Атырау ықшам ауданындағы №31 мектептің жанындағы Шманов көшесінен мектепке дейінгі жол салынбаған. Балалар мектепке қазаншұңқырдан өтіп барады. Шманов көшесін аяғына  дейін қашан асфальттап болады? 5. Мұнайшы ықшам ауданындағы Огородный көшесіндегі көп пәтерлі үйлер күрелуге кете ме?

Г. Қабышев

Сұрақтарға қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВ жауап береді:

- Бірінші сұрақ бойынша: Владимирский көшесі жағынан гүл бағына кіретін есік шығару мүмкін емес, өйткені көшеде қозғалыс көп, балалар арасында қайғылы жағдай орын алуы әбден мүмкін.

Екінші сұрақ бойынша – жағалауды нығайту жұмыстары кезеңмен жүргізілетін болады. Биыл жағалаудың Мечников көшесінен Мақатаев көшесіне дейінгі көпір аралығына бетон құю жоспарланған.

Үшінші сұрақ бойынша – Қарағандыдағы тұрғын үйдің опырылуына байланысты Атырауда тұрғын үйлерге, мектептерге және ауруханаларға қосымша тексеру жүргізіледі. Тексеруді мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы жүргізеді.

Төртінші сұрақ бойынша – биыл қаланың селолық округтеріндегі жолдарды асфальттау жоспарланған. Жолды жөндеуге қосымша қаржы бөлу кезінде биыл тұрғындардың өтініші қанағаттандырылатын болады.

Бесінші сұрақ бойынша – Мұнайшы ықшам ауданындағы үйлер қаланың күрелуге жататын апатты үйлердің тізімінде белгіленбеген.

16 мамыр 2012, 21:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.