Атырау, 29 желтоқсан 16:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Дәрігердің қателігі

2 064 просмотра

- Онкологиялық науқастардың ауруды басатын  Трамадол дәрісін тегін ала алатындығы рас па? Егер солай болса, неге біз құны арзан емес бұл дәріні жарты жыл бойына сатып алып жүрміз? Тұрғылықты мекен-жайымыз бойынша тіркелген емхананамыз беретін рецепте ешқашан дәрінің дәл дозасын көрсетіп жазбайды. Оны өз бетімізше есептеп алуға тура  келеді.

Телефон арқылы

Сауалға облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВ жауап береді:

- Трамадол дәрілік препараты тегін берілуі керек. Біз осыған қатысты есеп беруді қарап шықтық және осы препаратты жіберу бойынша бас тартуға қатысты фактілерді тапқанымыз жоқ. Сізге бұл жағдайды анықтау үшін біздерге келіп жолығуыңызға тура келеді. Дозасы  көрсетілмей берілген рецептіге келетін болсақ, бұл өрескел тәртіп бұзушылық. Бұл мәселені нақты түрде шешу үшін міндетті түрде емхананың нөмірі мен рецепт жазып берген дәрігердің фамилиясын атауыңыз керек. 

23 мамыр 2012, 19:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.