- Біз жұмыс жасап тұрған ЖК атауын өзгерткіміз келеді. Қандай құжаттарды тапсыру керек және бұл процедура қанша уақыт алады?
Телефон арқылы
Сұраққа Атырау қаласының салық басқармасы бастығының орынбасары Гүлнар ДӘУЛЕТОВА жауап береді:
– ЖК-нің тіркеу мәліметтері өзгерген кезде жаңа куәлік беріледі. Жаңа куәлік алу үшін салық департаментінің 1-қабатында орналасқан құжаттарды қабылдау орталығына барып, бекітілген үлгіде арыз жазу керек. Арызға жеке бас куәлігі мен үй кітабының көшірмелері, сондай-ақ, ЖК-ні тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы, 3,5х4,5 өлшемдегі 1 фотосурет жалғанады. Құжаттар үш жұмыс күні ішінде дайындалады.