Атырау, 27 сәуір 04:24
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Тарифтер тұрақтап қалған жоқ

1 386 просмотра

- 1 сәуірден бастап жылу энергиясының бағасы өсті. Оған не себеп болды?

Телефон арқылы

Атырау табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік департаментінің директоры Жанайым КЕЛБАТЫРОВАНЫҢ айтуынша, 2011жылдың 30 қыркүйегінде департамент 2011жылдың 1 желтоқсанынан бастап 2012 жылдың   31 желтоқсанына дейінгі кезеңге жылу энергиясының тарифін бекіту туралы бұйрық шығарды және ол 2011 жылдың 1 желтоқсанынан бастап енгізілді. Жылудың қымбаттауы мынаны құрады: заңды тұлғалар үшін – 1 Гкал (ҚҚС қоса есептегенде) 5 339 теңгеден  8 139,7 теңгеге дейін, яғни,  52%, тұрғын халық үшін – Гкал үшін 3 101,28  теңгеден 3 990,56 теңгеге дейін, яғни,  28%. Бұл жағдайда жылытылатын алаңның 1 шаршы метрі үшін төленетін ақы  95,79 теңгені, ал, ыссы суды жылытқаны үшін бір текше метрге төленетін ақы  – 177,76 теңгені құрады.

Жылудың қымбаттауы «Атырау жылу желілері» АҚ жылу энергиясын тарату және беру тарифтерінің өсуі есебінен жүзеге асырылды. «Атырау жылу энергия орталығы» АҚ жылу энергиясын өндіру және жабдықтау бойынша тарифтері өзгеріссіз қалды – Гкал үшін 2 318 теңге.

«Атырау жылу желілері» АҚ тарифінің өсуі өз кезегінде жалпы құны 909,14 млн теңге болатын 2011-2014 жылға арналған инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру барысында қолға алынған еді.  3 ақпанда департамент жылу тарифтерін көтеруді енгізуді  2012 жылдың 1 желтоқсанынан 1 сәуіріне дейін кейінге қалдыру туралы бұйрық шығарды.

13 маусым 2012, 18:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.