Атырау, 10 желтоқсан 16:27
 бұлттыВ Атырау -4
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Есеп айырысуға - үш күн

2 071 просмотра

- Осыдан бір апта бұрын мен жаңа қызметке орналасуыма байланысты жұмысымнан шығып кеттім. Бұрынғы жұмыс берушім мені жібергісі келмеді, сондай-ақ, менің  есеп айырысу бойынша алатын ақшамды есепшінің келіп-кетіп істейтіндігін сылтау етіп төлемей отыр. Яғни, есеп айырысу ақшамды қызметкерлер жалақы алған кезде, келесі айдың басында аласың деп отыр. Заң бойынша жұмыс беруші қызметкердің есеп айырысу бойынша берілетін ақшасын қандай уақыт ішінде есептеп беруге міндетті?

Телефон арқылы

Сауалға заңгер  Айнагүл ДӘУЛЕТБАЕВА жауап береді:

- Еңбек қатынастары бұзылған жағдайда тараптар ҚР Еңбек Кодексін басшылыққа алуға міндетті. Бұл жағдайда жұмыс беруші еңбек келісім-шартының тоқтатылғандығы туралы бұйрықты 3 күн ішінде, ал, ол мүмкін болмаған жағдайда пошта арқылы хабарлама жіберуге міндетті. ҚР ЕК 63 - бабына сәйкес, жұмыс беруші еңбек шарты тоқтатылған күні қызметкерге еңбек кітапшасын немесе қызметкердің еңбек қызметін растайтын өзге де құжатты беруі керек. Ал, ҚР ЕК 134-бабы бойынша еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі барлық сомаларды төлеу шарт аяқталған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

23 мамыр 2012, 19:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.