Атырау, 31 қазан 12:54
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Тағы да тариф туралы

2 388 просмотра

- Энергожабдықтау ұйымдарының дифференциалды ережесінде электр энергиясының тәулік аймағы тарифтері бойынша және оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне байланысты «электр плитасын қолданбайтын жасына қарай жалғыз басты зейнеткерлер, мүгедектер, Отан соғысына қатысушылар және оған теңестірілген тұлғалар» деген санат бар. Бұл санаттағылар үшін жекеленген тарифтер ұсынылады. Мен өзімнің электр энергиясы үшін ақы төлейтін учаскемде осы санатқа кімдер жататындығын білгім келген, алайда, ондағылар маған әзірге ол туралы ешқандай түсініктер берілмегендігін айтты.

Мен зейнеткермін, қызымның атындағы пәтерге тіркеліп, тұрып жатырмын, мен осы жеңілдікті пайдалана алам ба?

Надежда КОРАБЛЁВА

Сауалға  «АтырауЭнергосату» ЖШС директоры Аманжан КАРИМОВ жауап береді:

- «АтырауЭнергосату» ЖШС-нің мәліметтер базасы Атырау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараттары негізінде жасақталды.  ҚР қолданылып отырған заңнамасында «жалғызбасты зейнеткерлер» деген түсінік жоқ, бірақ, бұл сөз тіркесі сол және басқалай түрде түрлі нормативті-құқықтық актілерде кездеседі. Соған қарағанда оны заңда қандай да бір қосымша түсініктерді талап етпейтін жалпыға бірдей анықтама деп есептеуге болады. ҚР Азаматтық Кодексінің 6-бабында айтылғандай, азаматтық заң қалыптары оларда айтылған сөздердiң дәлме-дәл мәнiне сәйкес түсiндірілуге тиiс. Заң қалыптарының текстiнде қолданылған сөздердi әртүрлi түсiну мүмкiн болған жағдайда Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерiне және азаматтық заңдардың осы тарауда, ең алдымен оның 2-бабында баяндалған негiзгi қағидаттарына сай келетiн түсiнiкке басымдық берiледi.

Біздің жағдайда оның мәнін былай деп есептейміз: «Жалғызбасты зейнеткер – электрмен жабдықтау келісім-шарты бойынша электр энергиясын тұтынушы, өзінің басқа туысқандарынан немесе отбасы мүшелерінен  бөлек тұратын және материалдық жағынан тек зейнетақы мен жәрдемақыға ғана  қарап отырған зейнеткер болып табылады».

Абоненттермен есептесу электрмен жабдықтау келісім-шарты негізінде жүргізіледі. Бұл жағдайда демек оның қызы болады. Тиісінше, «Атырауэнергосату» қызының атына рәсімделген пәтерді жалғызбасты зейнеткерге тиесілі деп есептемейді.

Жалғыз тұратын абоненттер тізіміне енгізу үшін сізге өтінішпен төмендегі көрсетілген құжаттарды жалғап, Махамбет көшесі, 110 мекен-жайда орналасқан «Атырауэнергосату» ЖШС-нің кеңсесіне келу керек.

- Пәтер (жеке үй) иесінің жеке бас куәлігі;

- Меншік туралы мәліметтер: азаматтарды тіркеу кітабы немесе пәтер иелері кооперативінің мөрімен куәландырылған сол үйдегі тұратын жеке тұлғалардың саны туралы анықтама;

- Зейнеткерлік куәлігі (зейнеткер, мүгедек, соғыс ардагері);

- Халыққа қызмет көрсету орталығының меншігінде біреуден артық тұрғын жайының жоқ екендігін растайтын және жылжымайтын мүлік жоқ екендігі туралы анықтама.

30 мамыр 2012, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.